Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІЛІК НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

ШИЕЛІЛІК НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ


Елімізде Нұрсұлтан есімді азаматтар көп болғанымен, Нұрсұлтан Назарбаевтарды жиі кездестіре бермейміз. Солардың бірі – №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің 7 сыныбында оқиды. Нұрсұлтанның түр-тұлғасына, ер мінезділігіне қарап шынында да Елбасының жас кезіне ұқсаттық. Бүгінде ол 13 жаста, отбасындағы 6 баланың үлкені.
Нұрсұлтанның анасы «Қазір балам өзінен кейінгі іні-қарындастарының Президенті, өскен соң елдің Президенті болады» деп әзілдейді. Кішкентайынан зерек, алғыр боп өскен Нұрсұлтан сан түрлі саланы меңгергісі келеді.
– Өткен жылы Елбасымен оның Сыр еліне сапары барысында кездестім. Нұрсұлтан Назарбаевтың еліне деген қамқорлығы, сүйіспеншілігі сөзінен-ақ байқалады. Өскенде мен де сол кісідей болғым келеді. Әжем ылғи «Аты-жөнің тек жақсы жерлерде айтылуы керек» деп айтып отырады. Ол үшін мен көп оқып, үлгілі азамат болу керекпін, – дейді, бала Нұрсұлтан.
Бірсөзділік пен адалдықты ту еткен кіншкентай Нұрсұлтан Назарбаевқа ұстаздары да үлкен үміт артады.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
30 қараша 2018 ж. 2 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31