Қамба дәнге толар күн де таяды
Міне, жайма шуақ жазға қол бұлғап, күрең күзді қарсы алғанымызға 2 күн өтті. Күз келсе бітті, дала төсін дүбірге бөлейтін тірлік біте қайнасып жатады. «Қыстың қамын жаз ойлағандар» құрал-саймандарын алып, қым-қуыт тіршіліктің қамына ене бастайды. Осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2014 жылы құрылған «Төңкеріс К» шаруа қожалығының бүгінде тіршілігі қайнап жатыр.
Ала жаздай атыз жағалап, маңдайы күнге, табаны құмға тиген диқандардың еңбегі еселенетін күн де таяды. Биыл қожалыққа тиелісі 3 000 гектар алқапқа қажетті ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылған. Күріш – 1000, жоңышқа – 500, мақсары – 80, бидай 140 гектарға егілген. Айта кету керек, себілетін дән шаруашылықтың қырманында алдын ала дайындалып, арнайы аппараттан өтеді. Ол дәнді зиянкестерден сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл күріштің өнімділігін арттыруға да едәуір әсер етеді екен.

Шаруашылық тізгінін ұстаған Бауыржан Көпеев бүгінде 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Төрағаның айтуынша, ұзақ мерзімдік карантинге байланысты олар тынымсыз тірлік қылған. Қала берді аяқсу тапшылығын да сезінді. Бірақ соған қарамастан тіршілік нәрін жоспарға сай жұмсап, тығырықтан шықты.
«Төңкеріс К» шаруа қожалығының иелігінде техника күші де жеткілікті әрі шетелдік техникалармен толық жаңарған. Егін шаруашылығын әртараптандыруға көңіл бөлген дала еңбеккерлері алқаптарды жыл сайын ауыстырады. Сәйкесінше ол жердің тозуын тежеп, құнарын сақтауға септігін тигізеді.
2015 жылы мұнда тұқым шаруашылығы құрылған болатын. Сол арқылы диқандар Ресейден күріш сорттарын әкелуге қол жеткізді. Бүгінде шаруа қожалықта Сыр маржанының «Лидер», «Янтарь» мен «Ақ маржан» сорттары шығады. Биыл әр гектардан 50 центнер өнім алуды көздеген шаруалардың ала жаздай жасаған еңбектері ақталатынына сенейік.
Сұлушаш МАДИЯРОВА