Дала төсі дүбірге толды
Ала жаздай алқапты аралаған шаруалардың еселі еңбегі жеміс берер уақыт таяды. Күз салқыны сезіле бастаған тамыздың соңғы онкүндігі диқандарды жиын-терімге әзірлей бастаған сыңайлы. Өткен аптаның сенбісінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданына қарасты «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқабында бірқатар ірі шаруашылық құрылымдарымен кездесіп, егінге алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.
Материалдық өндірістің маңызды түрінің бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Ол халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың түрлерімен қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Әсіресе, қара жерден ризық терген шаруалардың еңбегі еселенетін уақыт келіп жетті. Ауданда шаруалар егінге орақ салып, жер емген диқандар егін жинау науқанын бастады. Шара барысында аймақ басшысына облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы даму көрсеткіштері мен «Ы.Жақаев» ҒЗИ ЖШС-нің ғылыми жетістіктері таныстырылды. Жалпы биыл аймақта барлығы 184,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, егіс көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артып отыр. Ал Шиелі ауданы бойынша 29 460 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі – 14 353 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда 1597 гектар жерге егілген бидай дақылы толық орылып бітті. Енді жауын-шашынға ұрынбай, күрішті жиып алу қажет.

Шиелі ауданы, Ақмая ауылы «Ақмая шаруа қожалығында «Дала күні – 2020» облыстық семинары өтті. Облыс басшысы Г.Әбдіқалықова өңірдегі алғашқы күрішті ору науқанының куәсі болды. Шара барысында Алғабас ауылының ардагері Жақай Сақбаев ақ батасын берді.
Биыл «Ақмая» шаруа қожалығы 1314 гектар жерге күріш дақылын еккен болатын. Д.Жұмбеков бастаған шаруа қожалықта 4 бригада жұмыс істейді. Күріштің «Лидер» сортын өсірген қожалықтағы техника да заманауи көштен кеш қалмаған. Сандық технологиямен басқарылатын «Класс», «Джондир» комбайндары алқап ішінде ақ күріштен тау тұрғызуға әзір тұр. 130-ға тарта жұмысшының маңдай тері сіңген күріш алқабының шығымы да жақсы.
Ерте көктемде өкпені қысқан дерттің салдары сан саланы түртіп өтті. Әсіресе, диқан қауымының көңілін күпті еткен індетпен қатар су тапшылығы егістіктің көлемін қысқартуға мәжбүрледі. Алайда Жер-Ана жомарттық танытып, күріш бабымен пісіп жетілді. Бұл турасында облыс әкімі Г.Әбдіқалықова су тапшылығын алдын алу мақсатында егін түрлерін әртараптандыру қажет екенін атап өтті.
–Биылғы жылдан басталған суармалы судың тапшылығы егін шаруашылығында әртараптандыруды шындап іске асыру қажеттілігін айқындап отыр. Осыған орай алдағы жылдары ауыспалы егіс жүйесіндегі күріш егісінің көлемін 75-80 мың гектарға тұрақтандырып, мал азықтық дақылдар егісінің көлеміне басымдық берілуі тиіс, – деді кездесу барысында.
Одан әрі жұмыс сапарымен келген аймақ басшысын аудан әкімі Қ.Мүбараков өңірдегі ауыл шаруашылық саласының жұмысымен қатар Шиелінің брендіне айналған қауын-қарбызы мен дәнді-дақылдарынан жасалған көрмені тамашалауға шақырды. Айта кетейік, биылғы жылы Өзбекстан Республикасының «Organic solutions» компаниясы мен аудандағы Төңкеріс и К» ШҚ, «Жер Жомард Д» ЖШС, «Бала би-2004» ӨК ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бірлесіп 60 гектар жерге алма бақ пен жүзім және түрлі жеміс ағашын отырғызу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса Сұлутөбе және Қарғалы елді мекендерінде жеке кәсіпкерлер 5 гектарға алма және жеміс ағаштарын отырғызды. Аудан бойынша биылғы жылы ашық топырақта 21 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен көкөніс, бақша дақылдары егілді. Атап айтсақ, Ақмая ауылдық округіне қарасты «Ақмая» шаруа қожалығында 6 гектар, Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты «Байсын» шаруа қожалығында 15 гектар жерге көкөніс дақылдары тамшылатып суару әдісімен егілген болатын.
Экономиканың өзегіне айналып отырған ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне ден қойған аймақ басшысы киелі өңірдегі келісті істермен танысып, сала еңбеккерлеріне алғысын білдірді. Сыр өңірінің диқандары соңғы 6 жыл көлемінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, күріш экспортының көлемін еселеп келеді. Бұл әрине, жаз бойы жүзін күнге күйдіріп, атыз жағалаған диқан қауымының өлшеусіз еңбегінің көрсеткіші.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ