ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР
«Ер есімі ел есінде жаңғырып, ешқашан ұмытылмайды».Өмір бойы құмырсқадай қыбырлап еңбек еткен адам басқа жандардың қасында ерекшеленіп көзге ілігіп тұратыны бар. Себебі, қарапайым адам мен еңбек адамының өмірге деген көзқарастары екі арнаға бөлінеді. жеке басының емес, жұрттың қамын ойлайтын азаматтар ауданда баршылық. Сондай жанның бірі – Елтай Әбішов.
Өмірдің бір бөлігі болған жылдар, айлар, күндер, сағаттар жылжып өтіп жатыр. Елтай ағаны танитын адамдардың да қарасы күннен күнге сейіліп, кеше сұхбаттас, дәмдес болған бауырлары, қазір қасымыздан табылмауда. Біз сол өзгерістерге, өмір деген сахнаға тамашалауға келген көрермендер іспеттіміз. Әр адам ерте ме кеш пе түбінде ажалмен бетпе-бет келетіні ақиқат. Енді міне, бірімізге бауыр, дос-замандас, енді біреуімізге ақылшы аға, қызметте білікті де, көреген басшы, түйін сөздің иесі атанған, ұл-қыздарына ардақты әке, немерелеріне сүйікті ата атанған, баршамыз үлгі алар бір бойында қасиеті мол Елтай Әбішев жайлы ел есіне салғанды жөн көрдік.
Өмірдің бір бөлігі болған жылдар, айлар, күндер, сағаттар жылжып өтіп жатыр. Елтай ағаны танитын адамдардың да қарасы күннен күнге сейіліп, кеше сұхбаттас, дәмдес болған бауырлары, қазір қасымыздан табылмауда. Біз сол өзгерістерге, өмір деген сахнаға тамашалауға келген көрермендер іспеттіміз. Әр адам ерте ме кеш пе түбінде ажалмен бетпе-бет келетіні ақиқат. Енді міне, бірімізге бауыр, дос-замандас, енді біреуімізге ақылшы аға, қызметте білікті де, көреген басшы, түйін сөздің иесі атанған, ұл-қыздарына ардақты әке, немерелеріне сүйікті ата атанған, баршамыз үлгі алар бір бойында қасиеті мол Елтай Әбішев жайлы ел есіне салғанды жөн көрдік.
Елтай Әбішевтің ғибратты ғұмыры, табысты еңбек сапары қалай басталды? Елтай Әбішевтің ата-бабалары өсіп-өніп, өркен жайған ағайын. Өмірбек молда есімі елге белгілі, қауымға жол-жобаны көрсетіп, Түркістандағы Қарнақ медресесінде бала оқытып, халыққа жарық дін жолын нұсқаған.
Өз әкесі үш ағайынды, ең үлкені – Бекен жыршы – ақын болған. Ортаншы – Ыбырай ауылдық кеңесті басқарған.Ең кішісі – Әбдеш ол Елтайдың әкесі «Ававнгард» совхозында көп жыл еңбек еткен қарапайым жан. Елтай Әбішев әкесі Әбдіш Өмірбекұлы пен Мауя Қасқабайқызының қарапайым отбасында 1941 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1959 жылы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясын бітірген. 1965 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтының экономика факультетін тәмамдайды. 1968 жылға дейін Жезқазған тау-кен комбинатында, экономист, 1968 жылдан аудандық партия комитетінде нұсқаушы Ы.Жақаев атындағы колхоз партия ұйымының хатшысы қызметін атқарды. Сол жылдары 3 мың гектар жер тегістеліп, мемлекетке жүз мың центнер күріш сату дәрежесіне көтерілді. 1989 жылдары «Шиелі» совхозының директоры. 1993 жылы «Жерұйық» шаруа қожалығының жетекшісі болды. Елтай Әбішев «Шиелі» совхозының директоры болған тұста, көкөніс өңдейтін цехты іске қосты.
Елтай Әбішев «Жастарға патриоттық адами имандық тәрбиесін беру, жалпы жастар тәрбиесі – аудан ардагерлерінің қасиетті парызы деп айтар едім. Ондай тәрбие берудің жолы көп. Бірінші кезекте жастарға имандылық тәрбиесін беруден бастау керек. Жастарды патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, барлық тәрбие жұмысының арқауы болуы керек», – деген қағидасымен ел келешегі үшін алаңдаулы еді. Сол жылдар бүгінгі жастарға жат, ертегідей ескі заман болып көрінгенімен, ол заманның өз романтикасы, кереметі, сол кезеңге тән өзіндік ерекшелігі бар.
Сонау, дән атасы атанған Ыбырай Жақаевпен бірге конференциялар, съездер, пленумдарда бірге жүріп, атамыздың киім-киісінен бастап, сөйлеген сөзіне дейін қадағалау бақыты бұйырған бірден бір жан – Елтай Әбішев.
Бірде кезекті жиындадың бірінде Ы.Жақаевқа сөз сөйлеу керектігін айтып келген Елтай ағамызға:
– «Осы мінбелерде сөйлеп тұрғанша бір кетпен ұрғаным он есе артық ...» деген екен.
Сөйткен, Ыбырай атамыздың да 130 жылдық мерейтойы, ол кісінің әрбір қасқағым сәтін қадағалап жүрген партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған Елтай Әбішев арамызда болса, сексеннің сеңгіріне шығып ортамызда отырған болар еді...
Елтай ағамыздың халыққа шын беріле еңбек етуі отбасы тәрбиесіне көп септігін тигізгенді. Сүйікті жары, ел анасы – Әтіркүл Дүйсенқызы байсалдығының арқасында елдің қамын ойлаған ұл-қыздарын өсіріп, әрқайсысы өмірден өз жолдарын тауып берекелі тірліктің ұйытқысына айналды. Ж.Баласағұн «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе», дегендей Елтай Әбішев тың еңбегі елінің есінде сақталмақ.
Е.Даткенов