Мені де ескерер ме екен, Балапан!
Елбасының рухани жаңғыру деп қазақстан халқына үндеу жолдағалы бері үшінші жылғы айналып барады. Өмір бойы басқа жұрт сияқты еңбек еткен адам басқа жандардың қасында айырықшаланып көзге ілігіп тұратыны бар. Себебі, қарапайым адам мен еңбек адамының өмірге деген көзқарастары екіге бөлінеді. Жеке басының емес, жұрттың қамын ойлайтын жандар аулымызда баршылық.Олар байлық іздеп, сауық құрып, қыдыруды да ойламады, себебі, ол кездегі тәртіп бөлек етіп. Адамдар сағаттың басым бөлігін егістік алқапта өткізетін. Отанның қамбасын және ауылдың қамбасын толтыру жолында тер төгетін. Сондай азаматтың бірі – Иіркөл ауылдық округіне қарасты «Қызылту» колхозының бидай звеносының жетекшісі және сушысы, қазіргі Жақаев ауылының тумасы және тұрғыны болған. Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрмағанбет Пұсырманқұлов жайлы болмақ. ХХ ғасырдың 50-інші жылдарындағы еңбек еткен жандардың әрқайсысының өмірі мен еңбек жолдарын жассаңыз әрқайсысы бір-бір кітап болар еді. Туыстары арасында Балапан деп аталып кеткен кейіпкеріміз 1908 жылы шаруаның жанұясында дүниеге келген. Жастайынан осы ауылда егін егумен айналысқан. 1940 жылы үйленіп, сол жылы соғысқа інісі екеуі бірдей аттанады. Інісі Мұхадет соғыс аяқталуға 3-4 күн қалғанда ерлікпен қаза табады.
Нұрмағанбет соғыс аяқталғаннан кейін 2 жыл пленниктерді қарауылдап, 2 жыл армияға қызмет етіп, 1947 жылы ауылға аман-есен оралады. Соғыс аяқталғанға шейін 7 жыл күткен жарынан 1 ұл, 5 қыз дүниеге келеді. Бұл кісі соғысқа дейін істеген диқангершілігін қайта бастайды.
Сол жылы көктем шаруаға өте қолайлы болады. Жер айдалып бұл кісіге 70 га жерге бидай егіп береді. Күндіз-түні тынбай еңбек еткеннің арқасында еңбегі зая кетпей бидайдан жақсы өнім алады. Осыдан бастап Балапан бидай егудің каролі атана бастайды. Мен 1962 жылы Отан алдындағы борышымды өтеп, қаңтардың 12 күні ауылға оралдым. Әкем Әлтай мен әскерге кететін жылы қой баққан болатын. Науалыда қыстап отыр екен. Елге келген соң, әкемнің үйіне бардым. Аңша ауыр жұмысқа жараймын. Жеңіл жұмыстарын істеп әкеме жәрдем беріп жүрдім. Бір күні көктемде балам, қораның аузын ашып науадан ары қарай өткізіп жібер деген соң қораның аузын ашып қойларды науаға қарай айдасам, әкемнің иті қойдың алдын кес-кестеп ары қарай жүргізбей, отардың алдында тұрып алды. Үйге келіп, Көке итің қойды ары қарай жүргізбей алдында тұр дедім. Ол сені бөтенсініп тұрған ғой деп есіктің алдына шығып, ей, Бобик кет ары деп еді отардың алдына түсті де ары қарай отарды бастап науалыдан өтіп, еккен поляға түсіп кетті. Әкем шәйін ішіп болған соң қойына кетті. Кешке дейін қойын жайып кешке қораға қамап үйге кіріп тамақ ішуге отырғанда, мен барғанша арғы беттегі 40 га бидайды дым қоймай қыршып жеп қойыпты деп отырды да, Құдай қаласа Балапан азанда жететін шығар деді де жатып қалды. Күндегі әдетім бойынша күн шықпай қораның аузын ашайын деп жатсам, бұрын танымаймын ғой, қолында кетпені бар біреу келіп, қораның аузын ашпа деп маған айқайлап, үйге кіріп кетті. Бұл кім екен күн шықпай егін жағалап жүрген деп менде үйге кірдім: Көке мына кісі қораның аузын аштырмады дедім. Көке жанау бар бидайды қойың қыршып жеп қойыпты деп безектеп жер тепкілеп тұр. Нұрмағанбет шырағым болар іс болды десе ойбай бригадир көрсе не деймін, бастық көрсе не деймін. Ей, шырағым кел төрге шық шай іш, саған мен бір әңгіме айтайын құлақ қойып тыңда, сен шопан атамен ойнама, қыстағы көгергенбидайың суыққа үсіген қайта көгергенін қойлар тазалап жеп қойды. Сен биыл бидайдың астында қаласың, көрде тұр биыл 50-60 ц-ден бидай аласың, бекерге жылай берме дегенде әлгі безілдеп тұрған Балапан сабасынан сылқ түсіп «аумин» деп шәй ішіп болған соң, көкем сен былай істе егер менің тілімді алсаң, бидайыңды жаппай суды ашып бірден суарма, суды ызалатып, жаймен суар сонда ойыңдағы бидай болады. Жарайды нағашы деп кетпенін арқалап, бидай еккен егістікке қарай кетіп қалды. Сол күннен бастап бұл кісіні жиен ретінде және үлкен ретінде амандасып тұратын болдым. Біз 5-6 күннен кейін тауға қой төлдетуге көшіп кеттік. Сол жылы бидайдан мол өнім алады. Бидайдан аудан бойынша рекорд жасайды. Бұл кісінің бұрын-соңды еңбектері ескеріліп ауданға депутат етіп сайлайды және бағалы сыйлықпен марапатталды. Колхоздың үздік еңбек етуші ретінде, колхоз бастығының ұйғаруы бойынша ауданның озат бригадасы ретінде Қойшыбай Оразымбетов ағамызбен Балапан екеуіне колхоздың қаржысынан там салып берді. Бұл кісі өзінің парасат пайымының мықтылығының арқасында дау-дамайда шешуде болсын, Нұрмағанбеттің сөзі үстем болып жаңа істердің ұйымдастырушы ақылына әрекеті сай біздің Шығанақ Мересейев деп еске алады замандастары. Соғыстан кейін көрген 5 қызды қияға қондырып, ұлын ұяға қонғанын көре алмай о дүниеге аттанды. Бірақ, Серікбайын елдің елеулі, қалаулы азаматы болуына атсалысып оқытып, үлкен маман болуына әкесі себепші болды. Оқу бітірген соң туған ауылында еңбек етіп, бас инженер болып қызмет атқарды. Серікбай 1974 жылы үйленіп, 4 ұл, 1 қыз дүниеге келді. Жары Айымкүл 5 перзентті болған соң тағдырдың жазуы болған шығар қапыда жарынан айырылды. Әкесінің жоқтығын білдірмей, атасының үйінде 4 ұлын ұяға, 1 қызын қияға қондырып көп жыл ұстаз болып №149 мектептен зейнетке шығып, қазір немерелерін айналып, Аллаға шүкіршілік етіп отырған әже ауылда қадірлі кейуананың бірі.
Жұмабек Әлтайұлы.
Ы.Жақаев ауылы.