Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі

Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі

Қазақ әліпбиінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқан болатын. Заман қанша алға озса да, осы дана сөз өз мәнін жоймаған. Бүгінгі күні ұлағатты ісімен, бай тәжірибесімен оқушыларды тәрбиелеп жүрген ұстаздар баршылық. Солардың бірі – Б.Пәрімбетов атындағы №157 мектебінің мұғалімі Айсара ­Ахмето­­­­­­­­­­­ва. Ол жиырма екі жылдан бері жас ұрпаққа қазақ тілі және әдебиеті пәнінен дәріс беріп келеді.
Ол 1980 жылы Шиелі ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Жаны ізгіліктен жаратылған А.Орынбайқызы 1996 жылы Б.Пәрімбетов атындағы №157 орта мектепте білім алды. Жастайынан оқу-білімге деген ынтызарлығының арқасында, мұғалімдік мамандықты таңдауды ұйғарды. Оның талабын әкесі де қуана қолдайды. Сөйтіп 1998 жылы Ресей Қазақстан қазіргі заманғы Гуманитарлық Университетіне оқуға түсіп, оны 2001 жылы тәмамдайды. Ең алғаш еңбек жолын өзі білім алған мектептен бастайды. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп ұлы ұстаз Константин Ушинский айтқандай, мұғалім әр адамның жүрегінде ерекше жылылық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзгермес ұғым десек болады.
Өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсетіп, пәнге деген оқушы қызығушылығын арттыра білді. Сөзімнің дәлелі, пән апталықтарында өткізген ашық сабақтарының «өте жақсы» деп бағалануы мен әріптес ретінде мектептің мәдени-көпшілік, қоғамдық шараларында біліктілігінің шыңдалып, көрініс табуы. Үнемі ізденіс үстінде жүретін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаздың атқарған жұмыстарынан мін таппайсың. Ақыл-парасаты өмірде көрген-білгендігімен ұштасып жатады. Әріптестері арасында құрметке бөленіп, керек кезінде көмегін беруге әрдайым дайын тұрады. 2019 жылдан күні бүгінге дейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін қалтқысыз атқарып келеді.
Оның 22 жылдан бері сабақ берген шәкірттері түрлі білім додасына қатысып, үздік шыққан. Атап айтқанда, республикалық байқаудан Дилназ Молдашова, Гүлфайруз Сәрсенбаева сынды оқушылары топ жарса, ал аудандық байқаудан Ринат Жанатұлы марапатқа ие болады. Сонымен бірге «Алаш ұстазы» республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналда мақаласы жариялап Құрмет грамотасымен, «Парасатты педагог төсбелгісімен» марапатталды. Міне, ұстаз үшін ең үлкен марапат шәкіртінің жетістігі деген осы болар.

Ш.Тілеубаев
26 қыркүйек 2022 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930