Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шыңдарда шәкірттерімен

Шыңдарда шәкірттерімен

Тарихы терең Төңкеріс ауылында терең білімді шәкірт дайындап өз ісінің маманы аталып жүрген ұстаздар баршылық. Солардың бірегейі, тіл маманы Жаухар Кетепова. Туған ауылының түлегі мұғалім болып жұмыс жасаған жиырма жыл ішінде әр түрлі деңгейдегі білім жетілдіру курстарын бітіріп білім жетілдірсе, шәкірттердің шығармашылықтарын шыңдауда түрлі жарыстар мен олимпиадаларға оқушыларын қатыстырып мектеп мерейі мен мұғалім мерейін асқақтатып жүрген ұстаз-ана. Мәселен түрлі іс- шараларға, олимпиадаларға қатыстырып жүрген Лаура Шерниязова, Мұнтаз Сәбитқызы, Балжан Шерниязова, Інжу Шәріппек, Нұрай Темірбек, Айда Әбдімәжит секілді оқушыларын мақтанышпен атауға болады.
Қазіргі уақытта оқушыларға жаңартылған бағдарлама бойы­н­­ша білім мен сапалы тәрбие беріп жатқан ұлағатты ұстаз. Жиыр­ма жыл ішінде оқушылары үлкен жетістіктерге жетіп, универ­ситет бітіріп, магистірлік оқуларын жалғастырып түрлі салада қызмет жасап өз жолын тауып жүр.
Ізденісі мен еңбекқорлығының нәтижесінде түрлі марапаттаулар алып, құрметтің төріне озған Жаухар Кетепованың соңғы бес жылдағы жетістіктерінің бір бөлшегі ғана. Жиырма жылдық еңбегінің нәтижесін айтатын болсам қағаз жетпейді.

«Өскен өңір» ақпарат.
09 қазан 2018 ж. 1 087 0