Ұстаздық еткен жалықпас
Өмір жолы өнегеге толы, шексіз, шетсіз биік шыңды бағындыратын ұстаз мәртебесі қашанда ұлы. Білім саласында біліктілігін арттырып, бар ілімін шәкіртінің санасына құятын, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұлағатты жол. Тау тұлғасымен сан шәкірттің санасында үлгі бола білген Сәулебай Аймаханов өз ісінің майталманы.
1939 жылдың 7-наурызында дүние дидарына келген кейіпкеріміз Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылының тумасы. Мектеп табалдырығын 1957-1958 оқу жылында Шиелі кенті №45 октябрьдің ХІV жылдығы (қазіргі «Ақ-Орда») қазақ орта мектебін бітіріп, Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының жаратылыстану факультетін тәмамдайды. Ең алғаш еңбек жолын өзі туып-өскен жерінде, білім алған ошағы №45 қазақ орта мектебінің химия пәні мұғалімі болып бастайды. Тәлім-тәрбиесі түзу, жауапкершілігі мол мұғалімнің еңбегі еселеніп, 1964-65 оқу жылының 12-сәуірінен бастап мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1967-1968 жылы аудандық білім бөлімі жанындағы аудандық сырттан оқыту орта мектебі және орта мектептер жанындағы консультациялық пункттерді басқарған. Ал, 1972 оқу жылынан бастап аудандық білім бөлімінің оқу жөніндегі бас инспекторы, 1978 жылдан зейнетке шыққанша 25 жыл кенттегі №47 М.В.Ломоносов атындағы қазақ орта мектебінің директоры қызметін абыройлы атқарады. Бейнеттің зейнетін көріп, еңбек демалысына 2003 жылы шығады.
Мектеп басқаруда, білім беруде жаңа серпін, тың өзгеріс әкеліп, әріптестер арасында сыйлы қызмет атқарған С.Аймаханов 2007 жылдан бастап Шиелі ауандық «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығы қоғамдық қабылдау бөлімінің инспекторы, 2008 жылдан бастап аудандық мұғалімдер ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Зейнет жасына жетсе де еңбектен жырақтамаған ардагер білім саласына мағыналы ғұмырының бәрін сарп етіп келеді. Самайдағы ағарған шашының әрбір талында талмас еңбек, қажырлы қайраттың табы жатыр. Бүгінде білім берген шәкірттерінің көбісі ұстазының жолын қуып, білім ордаларында жұмыс жасап келеді. Л.Н.Толстой «Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз» – дейді. Расында біздің кейіпкеріміз әрбір шәкіртіне ерекше ықыласпен қарап, бар білген-түйгенін үйретуден жалыққан емес. Өзі тәрбиелеген кадрларының біршамасын атап айтар болсақ, Ә.Апбасова №47 қазақ орта мектебінің директоры болса, С.Нұрманова осы мектепте оқу ісінің меңгерушісі, Б.Нақыпов тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда. Сондай-ақ, Ж.Ахантаев Алматы қаласында мектеп директоры, Ә.Болатбекова М.Шоқай атындағы орта мектепте директор, ал Ж.Рыспембетова мен Ә.Алыпқашова оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін абырой биігінде атқарып келеді. Тізіп айта берсек, көптеген шәкірттері білім саласының биігінен көрінуде.
Мектеп басқару іс-тәжірибесі жөнінде «Іскер басшы», «Ұстаздық жолы-үлгі» деген кітапша жинақтары облыс, аудан деңгейінде таратылады. Тынымсыз ізденімпаздығының арқасында «Оқушыларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің маңызы», «Мектепте нашар үлгерушілермен жұмысты ұйымдастыру» сияқты ізденіс жұмыстары жоғары бағасын алып, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде іске асырылып келеді. Қазақстан мұғалімі журналында «Валенттілік бойынша формула құрастыру», «Химия пәнінен тәжірибелік сабақтардың маңызы», «Ион алмасу» тақырыбындағы түрлі тәжірибелері де жарық көріп тұрды. Ғылымның тереңіне сүңгіп, білім көкжиегін кеңейтуге барын салған ұстаздың еңбек жолы осындай.
Еселі еңбектің еленбей қалуы мүмкін емес. Бірнеше рет облыстық білім бөлімінің грамоталарымен, «Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалімен, «Социалистік жарыс озаты» төс белгісімен үздіксіз 4 жыл бойы марапатталып, аудандық және поселкелік мәслихаттың депутаттығына бірнеше рет сайланады. Түрлі жетістіктер мен марапаттарды қатар-қатар жиып қойған білім саланың ардагері» Қызылорда облысына – 70жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл», «Ы.Жақаев-120 жыл» медалімен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталады.
Бүгінгі таңда 2010 жылдан бері аудан әкімінің білім саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметін қалтқысыз орындап жүрген С.Аймахановқа Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атағына әбден лайықты-ақ деп білім саласында еңбек етіп жүрген әріптестері де жиі тілге тиек етеді.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.