Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 6990 ТЕҢГЕМЕН СТАМБУЛҒА САЯХАТТА

6990 ТЕҢГЕМЕН СТАМБУЛҒА САЯХАТТА

Талаптанса, жұмыс көп. Қарекет қылса, кәсіп көп. Ал оны жүзеге асырса, кәсібі өрге дөңгелеп, көкжиегі кеңейеді. Осы тұста төзімділік пен қайтпас шыдамдылық ұштасса, алынбас қамал бар ма?! Дәл осындай ұстанымды алға тартқан бүгінгі кейіпкеріміз – кәсібінің нәсібін көріп отырған жан. Ауданның бас көшесі Абылайхан ­бойында орналасқан «Ням-Ням Домды» білмейтіндер жоқ шығар, сірә?!
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деп халыққа нақты бағыт сілтеген екен. Уақыт алға жылжыған сайын осы «үш керектің» орны байқалып-ақ тұрады. Айта кету керек, ауданда кәсіпкерлік саласы қанатын кеңге жаюда. Оған дәлел екі қолға бір күрек ұстап, кәсібін дөңгелеткендер қатарының көбеюі. Солардың бірі – жас кәсіпкер Тоқтар Жүзімов.
Кейіпкеріміз осыдан 5 жыл бұрын яғни, 2017 жылдың қазан айында шағын етіп «Ням-ням Дом» тез әзірленетін тағамдар желісін ашады.
– Өздеріңіз білетіндей, фаст-фуд – әлемдегі ең танымал тағамның түрі. Әр елдің өзінің фаст-фуды бар. Мәселен, Италияда пицца, Жапонияда суши, Шығыс елдерінде донер. Мұндай тағамдар үлкен қалаларда көбірек сұранысқа ие. Себебі ондай жердің тұрғындары жұмысбасты, уақыты аз. Сол себепті тез әзірленетін тағамды тұтынғанды жөн көреді. Ал біздің ауданда бәрі басқаша. Арасында бір сағынған сәтте, қалтаң томпайғанда қалалық тамақтан тойып тұрып дәм татқың келеді. Жасыруға келмес, алғашқы жылдары жұмыс қатты жүрмеді. Тек күн көріс есебі болды, – дейді Т.Жұманғалиұлы.
Иә, қазір ауданда не көп, дәмхана мен мейрамхана көп. Адам қарасы үзілмейді. Бағалары да қалтаңызға қарай әртүрлі. Тағамдардың дәмі тіл үйіретіндігінен бөлек, олардың бағасының арзандығын да Шиелінің топырағына табаны тиген кез келген адам сүйсіне айтады. Біз сөз етіп отырған, «Ням-Ням Домның» заман мен талғамның талабына сай ас әзірлеу мәдениеті мен оны дастарханға қою, қонаққа ұсыну тәсілдері де өзгеше. Асты әспеттеп ұсынып, тағамның түр-түрін талғаммен дайындайды. Қонақжайлылығы бір бөлек. Даяшылардың жүзі жылы, жылдам жеткізу қызметі де бар.
Тоқтар Жүзімов өз кәсібін кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың 12 мамыр күні жаңа ғимаратқа көшеді. Екі аптадан соң асхана бөлмесі белгісіз себеппен өртеніп, кәсіпкер үлкен шығынға ұшырайды. Бірақ соған қарамастан жұбайы Динара Сәкенқызының қолдауымен, ұжымның ауызбіршілігінің арқасында толықтай қайта жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
– Бұл жағдай әсте оңайға соқпады. Мен ол шығынды 5 жылда таппаған едім, бір-ақ күнде бәрі көкке ұшты. 2 ай жұмыссыз қалдық. Не керек, содан белді бекем буып, Алланың бір сынағы деп қабылдап, мейлінше сынбауға тырыстым, – дейді кәсіпкер.
Содан тамыздың 12-сі күні қайта ашылып, қазір 30-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Дәмханаға фасфудпен қатар ыстық тағамдарға да тапсырыс жиі түседі екен. Қуырдақ, палау, манты ыстық тамақ ретінде ұсынылса, тандыр нанды да өздері өндіріп отыр. 6990 теңгеге тамақтансаңыз, Стамбулға жолдама ұтып алуыңызда әбден мүмкін. Бұл ойын осы айдың 25-не дейін ғана ойнатылады. Қосымша 200 мыңдай жүлде қоры бар.
– Салтанатты кештерге, туған күндерге тапсырыстар қабылдаймыз. Кез келген істе алдымен идея ­туындайды. Енді осы маңнан балаларға уақыттарын тиімді өткізіп, ойнауларына арналған балалар ойын алаңын салғымыз келеді. Бар арман-мақсатымыз – ауданды көркейтіп, оның дамуына атсалысу, – дейді Тоқтар өзінің елге, халыққа деген патриоттық сезімін байқатып.
Шынында да талап қыла білген ғана тәуекел етеді. Кәсіп – тәуекелді сүйеді. Өмірдегі жетістіктің бәрі де еңбекпен ғана келеді. Алған бетінен қайтпайтын қайсар жандар ғана нағыз кәсіпкер атана алады.

Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
22 қыркүйек 2022 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930