Ұлт ұстазының ұлылығы
Ахмет Байтұрсынұлын көбіне-көп ақын, әліппенің атасы, ағартушы дейміз. Ал мемлекеттік саяси қызметі қалыс қала береді. Ол – 1919-1920 жылдары қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары, яғни елдегі екінші адам болған.
Ол кезде қазақстанда автономия алу, оның шекарасын анықтау мәселесі қызып тұрды. Қостанай уезіне 800 мың гектардай жер тиесілі болған, 56 болыс кірген. 19 ғасыр ортасынан Қостанай жеріне Ресейдің еуропалық бөлігінен халық үдере көше бастады. Орыс халқы Қостанайды өзі басқарудан дәмелі еді. Алайда Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай аумағының басым бөлігі қазақ революциялық комитеті бақылауында болуын талап етеді.
Ол кезде қазақстанда автономия алу, оның шекарасын анықтау мәселесі қызып тұрды. Қостанай уезіне 800 мың гектардай жер тиесілі болған, 56 болыс кірген. 19 ғасыр ортасынан Қостанай жеріне Ресейдің еуропалық бөлігінен халық үдере көше бастады. Орыс халқы Қостанайды өзі басқарудан дәмелі еді. Алайда Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай аумағының басым бөлігі қазақ революциялық комитеті бақылауында болуын талап етеді.
Сол кездері одан өзге де жер дауының басы-қасында Байтұрсынұлының өзі жүрді. 1920 жылдың басында Кремльде өткен бірнеше талқылауда Ленин, Сталин бастаған Кеңес Одағы басшыларына қазақтың өз автономиясы болу керектігін дәлелдеп, қазақ жерінің шекарасын, әсіресе солтүстіктегі жерлерді анықтауда жанына Әлімхан Ермековты қосып іске асырған да Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Ұлт ұстазы, ғалым, тіл ғылымына өлшеусіз үлес қосқан тұлға, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл – 150 жыл. Қайраткердің бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, одан бөлек, елімізде де кең ауқымда тойланбақ. Тойдың алды басталып та кетті. Жер-жерде ғылыми конференциялар, кездесулер өтіп жатыр. Мұның бәрі Алаш ардақтысына көрсетіліп жатқан зор құрметтің белгісі.
Әрине, Ахмет жылы бір жылдың аясында шектеліп қалмайды. Ұлт ұстазы туралы айтылар дүние өте көп. Бүкіл мұрасын зерттеп-зерделеп біттік деуге негіз жоқ. Ахмет Байтұрсынұлының асыл арманы ұлтының азаттығы болса, ол бұл жолда ештеңеден аянған жоқ. Қорлығына көнді, азабына төздi, қacipeтiн тартты, ажал oғынa байланды. Бiрақ шегiнген жоқ. Tүciн де, түciнiгiн де өзгерткен жоқ. Алған беттен таймады. Yнeмi ұлтына азаттық жолының жөнiн сiлтеп, жобасын көрсетумен болды. Елiн мәдениеттің биiгiне жеткiзу жолындағы жан-жақты iзденiстерi оны таным биiгiне шығарды. Сол биiктен болашаққа бiлiм нұрын шаша алды. Ахмет бастаған қазақ зиялылары туған әдебиеттiң тiлектестерi ғана емес, жанашыры, қорғанышы бола бiлдi. Бұл әcipеcе, олардың әдеби тiлдi қалыптастыру, ұлттық тiлдің нақышын, көркемдiк бояуын, тазалығын сақтау жолындағы күpeciнeн көзге түседi.
Қорқып, қорқақтамай шындықты айту үшін қайтпек керек? Оның себебiн Ахмет Байтұрсынұлы былайша түсiндiредi: «Өзгерiс болғанымен, өзгермей тұpғaн қазақта қалып көп, қашаннан берi қазақ iшiне ciңіп, орнығып қалған қалыпты өзгерту оңды нәрсе емес. Бас өзгердi, бастық өзгердi, төре өзгердi, басқасы әлi қарап тұр. Қазақ көрген қорлық пен зорлық көбеймесе, кемiген жоқ... Қазақты бұрын жегендерi әлi жеп отыр, бұрын зорлық қылғандары әлi зорлық қылып отыр. Өзгерiс кiмгe жағымды, кiмге жағымсыз болып шыққаны көзі бар көрерлiк, eci бар адам бiлерлiк болды». 1922 жылы бұл өте батыл да батыр пiкiр едi. Бұл – Ахаңның рухани көсемдiгiнiң айқын бiр белгiсi. Ахмет Байтұрсынұлы сөз өнерiнің қуат күшiне деген ceнiмiнeн еш айырылмаған жан.
«Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға ынтымақ пен бірлік керек. ... Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан Алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар!» Ахмет Байтұрсынұлының жүз жыл бұрынғы осы сөзі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі жолдауымен астасып, мағыналас жатқандай. Дананың өзі өлсе де, сөзі өлмейді. Қаншама жылдар өтіп, жұрт жаңарып, заман өзгергенімен, ұлт ұстазының ұлағатты сөздері мағынасын жоғалтқан емес. Ұлылықты сыры осында болса керек.
Гүлхан ЯХИЯ