Ахмет Байтұрсынов - әлемдік тұлға ғалым
Ахаңның туған күні алғаш Сәкен Сейфуллиннің бастамасымен аталып өткен. Бұл жайында филология ғылымдарының докторы Ерден Қажыбек тілдер күніне орай Алматыда өткен конференция барысынада айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Қазақ халықынң тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған конференция барысында Ерден Қажыбек Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойы бұған дейін де аталып өткендігін айтып өтті.
«1922 жылдың аяғында Сәкен Сейфуллин мемлекеттің тізгінін қолға алғаннан кейін Ахмет Байтұрсыновтың туған күнін атап өтуді әзірлеуге кіріскен. Сол жылдың қараша айында Қазақстан Компартиясы Кеңес үкіметі бұл күнді атап өтуге тиісті емес деп қаулы шығарған. Дегенімен Сәкен оған қарамай жалғастыра береді, одан кейін тағы екі қаулы шығады. Кейін Ахаңның 50 жылдығы бәрібір аталып өтеді, Сәкен өзі барып сөз сөйлейді, кейін ол жайында бүкіл газеттерге жарияланды», -дейді ол.Сонымен қатар ол, ғалымның қазақ тілін зерттеуге қосқан еңбегінің зор екендігін және қиын қыстау кезеңге қарамастан Сәкеннің оны қолдау тегін еместігін жеткізді.
«Сәкен сөзінде «Ахаң қазақты бай-кедей деп бөлмеген, қазақ халқы үшін өмірін сарп еткен адам дейді». Ол кез өте қиын кез болатын. Өйткені «Алаш орда» ұйымын қанға бөктіріп, орнына легитимсіз Кеңес үкіметі келді. Осындай қауіпті кезеңде Ахаңның шашбауын көтеру оңай болмаған. Ахаңның мерейтойларынан кейін Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілін үйрену деген ең үлкен қаулы қабылданады. Оған Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері, абырой, беделінің себепші болғаны сөзсіз», -дейді ол.Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.