ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ
Алматыдағы Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары – елімізге еңбек сіңірген қайраткер, әнші Сәкен Майғазиев пен ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров.
Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – қанымызда бар қасиет» деп жазады. Қазақы қанымызға тән қасиетімізді жетілдіру үшін аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы өнегелік байланыс үзілмеуі керек-ті. Осы мақсатта Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов ел алдында жүрген бірі өнерден, енді біреуі спорттан жан салмайтын азаматтар мен жастар арасында әдемі кеш, әсерлі кездесу ұйымдастырды.
Сөз тізгінін салиқалы сөз саптауымен өрнектеген Қазақ радиосының жетекшісі Бақыт Жағыппарұлы «Бүкіл республикамызға ұлттық руханияттың сусынынан зәмзам ішкізіп отырған осынау парасат ордасында қаншама толғау-толғау дүниелер айтылды, сырлар ақтарылды. Жастар санасына сіңіріп, жадына сақтады» деді.
Кездесуге жиылған жастар кеш қонақтарына көптеген сауал қойды. Ел ағалары жас буын өкілдерінің жанын мазалап жүрген сұрақтарға жауап беріп, ұлттық код, рухани жаңғыру, ұлттық болмыс хақында әңгімелеп берді. Өскелең ұрпаққа ел егемендігінің қадірін түсіндіріп, бүгінгі бейбіт өмірдің берекесі хақында сөз қозғаған Ардақ Назаров: «Тарихты білсек – тәуелсіздіктің қадірін білеміз. Жас ұрпақ тарихымызды бойына сіңіріп, әрбір адам ұлттық мүддені көздесе екен дейміз. Қазақ халқының басынан не өтпеді? Бірақ жүрегімізде иман бар, қазаққа тән тектілік бар. Соның арқасында, қазақ мәңгі жасап келеді» деп атап өтті.
– Қазақты іштей үңгігісі келетін, сырттан келген жау бар. Ол – өзгеге еліктеу, ұлттық болмысты ұмыту. Ең болмаса, көшенің аттары дұрыс аталса екен деймін. Естеріңізде болсын, Жандосова емес – Ораз Жандосов көшесі, Сейфуллина емес – Сәкен Сейфуллин көшесі, Макатаева емес – Мұқағали Мақатаев көшесі екенін ұмытпағайсыздар, – деді Сәкен Майғазиев.
Ұлттық болмысты айшықтаған жиында патриоттық өлең оқылып, домбырамен күй шертіліп, әуезді ән орындалды. Тарих пен тағылымы мол шежірелер де айтылды. Кездесу соңында кітапхана ұжымы келген қонақтарға сый-сияпатын көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.
Жанерке АХМЕТ