Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз"

"Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз"



"Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" деп бекер айтылмаса керек. Ғұмырлы сөз, әрі, ғұмыр бойы есте сақталуы тиіс сөз. Халқымыз ерте кезден адамгершілікті, ар-ұятты, инабаттылықты жоғары бағалай білген. Өткеннің ен­шісіндегі жақсы дүниені келешектің кемесіне салып, ұлттың ұлылығын танытатын игіліктің барлығы да ұмыт қалмауы үшін қыздың тәрбиесіне мән беру керектігін түсінеміз. Өткен ғасыр басындағы өзгерістер кезінде қарапайым халықта туындаған сауалдарға Ахмет, Әлихан, Мұхтарлар бастаған зиялы қауым өкілдері жауап беріп, барар бағытын сілтеген еді. Әрине, өз уақытына сай тұрғыда. Ғасыр соңы тағы да заман ауысқанда осындай сауалдарға жауап беріп, жөн сілтейтін бір сілкініс қажет болды. Тек, сол сілкіністің, ел зиялылары сілтейтін дұрыс жолдың мәселесі әлі күнге дейін ашық қалып келеді. Осы олқылық алдағы ұрпағымыздан, әсіресе, адамдықтың ғана емес, ұлттың да негізін қалаушы қыздарымыздың тәрбиесінен көрініп қала ма деген қорқыныштың бар екені де баршаға аян. Ал, бұл қорқынышты жою мен біз күткен сана төңкерісіне деген алғашқы нық қадамдар жасалып жатыр. Бұл сөзіміздің ең үлкен дәлелі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы. Қоғамда қызу талқыға түскен  бұл бағдарлама жаңа заманға лайықталған рухани жаңғырудың жаңа үлгісін ұсынып қана қоймай, алдағы жасалуға тиіс жұмыстардың басты бағыттарын да айқындап берген болатын. Осы басты бағыттардың бірі қоғамдық ой-сананы өзгертуге арналған. Біз сөз еткелі отырған өз дәрежесінде үлкен, бірақ, бастауын Елбасы бағдарламасынан алған жоба жоғарыда сөз еткен қазақ қызының тәрбиесіне тікелей байланысты. Міне, осындай маңызды мәселені назарға алған "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ , "Әлем" волонтерлік орталығы" ЗТБ-і, "Қыздардың өнегелі тәрбиесіне бағытталған кездесулерді өткізу" жобасын қолға алған болатын. Аталмыш жоба 2017 жылдың сәуір айы мен қараша айларының аралығында Астана қаласындағы барлық оқу орындарындағы жасөспірім қыз балаларымен гендерлік және рухани-өнегелік тәрбие жөнінде кездесулер өткізуді жоспарлаған еді. Қазіргі күнде ұйымдастырушылар жоба аясында 29 кездесу атқарды. Кездесулерге барлығы 3000-ға жуық бойжеткен қыз қатысқан болатын. Бүгінгі күнге дейінгі кездесулер сәтті өтіп, қыздар қауымы арасында үлкен қызығушылықтар тудырып отыр. Әрбір кездесуге қыздарға айтары мол, тәжірибелі психолог мамандармен қатар, қыздардың болашағы үшін шырылдап жүрген ұлт жанашырлары шақырылды. Атап айтар болсақ, Гүлнар Мусина, Гүлхан Тұрсынбайқызы, Есенбергенова Гүлнар, Жұмамұрат Шәмші, Индира Таукенова, Ақгүл Абдали, Вячеслав Рашитович, Қаламқас Қанапиева сынды өз ісінің шеберлері келген әр кездесуде қыздар өзінің болашағына керекті тың деректерді алып кетті деуге болды. Кездесулер "Қазақ Технология және Бизнес" Университеті, "КАЗГЮУ" және С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінде, сондай-ақ "Қаржы" Академиясы мен Еуразия гуманитарлық институтында және тағы да басқа Астана қаласында орналасқан оқу орындарында  өткізілген болатын. Әрбір кездесуде спикерлер тындармандарға қыздардың тәрбиесі, ер азаматтармен қатынастың қандай болу керектігі және қыздарға отбасы құндылықтарын, ұнату мен ұнатпаушылықтың арасын, әйел денсаулығының қауіпсіздігін қалай сақтау керек екендіктері туралы сөз қозғап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Сонымен қатар, әрбір кездесуде жас қыздарға махаббат сезімі мен оның түрлері туралы айтылып, жасөспірім қыздардың неліктен жұптық қатынасқа ерте түсетіндігі пікір тудырып, одан сақтану дағдылары түсіндірілді. Кездесу барысында, мамандар қыздарға заманға сай, әдемі, жоғары мәдениетті, білімді және сонымен қатар, зиялы өмірдің барлық дағдылары мен қоса, қазақ даласының даналығын игеріп, ана болуға ұмтыла отырып, қыздардың өнегелік тәрбиесі, мораль туралы әңгімелер жүргізді.                   "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының" ұйымдастырушылары аталмыш жобаның басты маңыздылығы ретінде төмендегідей ойларды алға тартады."Қыз балалардың өнегелі тәрбиесі - бүгініміз бен болашағымыздың баршамызды толғандырар ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі. Себебі, еліміздің бүгінгі ұрпағы біздің мәдениетіміз бен  ұлттық болмысымызға мүлдем жат дүние, және сырттан келер идеологиялық, діни және мәдени экспанцияға қорғансыз болып шықты. Қазіргі жаһандану мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамыған заманында қазақ қоғамының ашықтығын пайдаланып "еркін демократия" деп аталатын батыстық мәдениетінің енуі мен бүгінгі балалардың физикалық және ақыл-ой тұрғысынан жылдам дамуының әсерінен жастар санасындағы отбасы мен неке түсінігі өзгеріске ұшырау үстінде. Отбасының институты құндылықтарының өзгеруі - ең бірінші кезекте әйелден басталады. Сондықтан, біз көтеріп отырған қыз балаларының тәрбиесі бүгінгі таңда өте өзекті болып отыр. Осы жоба шеңберінде, біз нәзікжанды жастарға өзінің ұлттық мәдениетін сақтай отырып жеке тұлға болып қалыптасуы мен ұлттық және тарихи құндылықтарына адал болуға тәрбиелейтін кездесулер мен дәрістер ұйымдастырдық". Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2050" стратегиясында: "Әйел - бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей - еліміз толық түзелмейді" деген екен. Сондықтан, қыздардың өнегелікке тәрбиелеу қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз. Міне, біз сөз етіп отырған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде қолға алынып отырған бұл жоба, осы жылмен ғана тоқтап қалмай, ары қарай да жалғасын тауып, тіпті еліміздің басқа да аймақтарында бастау алатынына сенгіміз келеді.
Автор: Мадина Әлімова
Kaz.tengrinews.kz
05 ақпан 2018 ж. 1 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930