«Мектепке жол» – мейірімділік акциясы

Акция аясында 15 жыл ішінде облыс бойынша демеушілер есебінен 200 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге материалдық көмек көрсетілген. Оның ішінде былтыр «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 5 мыңға жуық балаға материалдық көмек берілген. Биыл да жылдағы дәстүр жалғасатынын акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Соның бірі өткен сенбіде оқушылар үйінде білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Акцияға «Семізбай-U» ЖШС Ұлттық Атом компаниясы демеушілік жасай отырып, 5 балаға 40 мың теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстады. Сондай-ақ «Dalatex» ЖШС тігін компаниясы мен «Татыран» ЖШС кеңсе тауарлар дүкені желісі мектеп оқушыларына мектеп формалары мен қажетті оқу-құралдарын ұсынды.
Акцияға аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әбілқасымұлы қатысып, демеушілік жасаған кәсіпорындарға алғысын білдірді.
Гүлхан ЯХИЯ