Ақбөкен бүгін де араша сұрайды
Аудандық «Өскен өңір» газетінің 19 наурыз 1988 жылғы №33 санына осыдан 34 жыл бұрын «Ақбөкен араша сұрайды» атты мақала жазған едім. Редакция оны «Оқырман ой айтады» деген айдармен берген болатын. Онда төмендеігдей ой қозғаппын,
– Ақпан айының азынай соққан ақ түтек боранына шыдас бермеді ме, әлде ери қоймаған қырдағы қалың қардан тұяққа ілігер шөп тауып жей алмады ма, кім білсін? Әйтеуір даланың сәні, Әлмырзаның әні атанған (Ақсақ киік) ақбөкендер аялы алақан, қамқор қол іздеп Қаратаудың ығына да қарамастан «Еңбекші» елді мекеніне дейін өріп келген. Автомашиналардың гүрілінен де, арсылдай үрген ауыл иттерінен де қаймығар емес, өлім мен өмірдің екі ортасында тек қана адамнан пана іздеп, ажалға араша сұрап келе жатқандай. Иә, ақбөкендер адамнан араша сұрайды. Көп жыл атақты шопан әрі аңшы болған Сарыбай Райымов деген көкеміздің айтқан бір әңгімесі еске түседі. Ол былай дейді. «Шопан болған соң көшіп-қонып жүреміз. Бірде ұзақ күнге ат үстінде отырып сіресіп қалған белімді жазып алайын деп қойды қыстау маңына қайырып, үйге кіріп енді жантая бергенім сол еді, ашық тұрған есіктен екі танауы желбіреген бір қоян көзді ашып-жұмғандай жылдамдықпен үйге кіріп келмесі бар ма? «Абайсызда жетіп келген не бәле?» деп қорқып кеткенім де рас. Жанымда жатқан шапанды лақтырып қалып едім, өзі дірілдеп отырған байғұс жата қалды. «Бұған не болды екен» деп, есік алдына шықсам, анадай жерде құйрығын бұлғаңдатып түлкі кетіп бара жатыр. Сөйтсем, бұл қоян пана іздеп үйге тығылған екен. Жалпы жабайы, тағы жануарлардың бәрі қысылтаяң кезде адамға келіп тығылатын әдеті. Олар адамнан ғана пана іздейді. Әйтпесе, қорқақ қоянға не жорық?». Аңшы көкеміздің айтқан осы әңгімесінің төркінінде үлкен мән бар. Ал пана іздегенге пана бола білу – әрбір адамның басты борышы.

«Қарынбайдың малдарын арық болса да атып жатыр, ит қосып таяқпен ұрып алып жатыр» дегенді естіп, дала еркесі – ақбөкенге пана болайық, араша түсейік деген мақсатпен облыстық аңшылар инспекциясының Шиелі аймағындағы аға инспекторы Ахантай Абызбаев, аудандық ішкі істер бөлімінен осы жолдардың авторы және қоғамдық негізде үш адам алып, арнайы рейдке шыққан едік. Сол күні ауа райы қабағын жылытып, ақбөкендер үйірімен «Еңбекші – Қазанбай» тас жолының шығыс беткейінен қырға қарай бет түзеп, алдымыздан кескестеп өтіп жатты. Кенет тау ішінен гүрс-гүрс мылтық дауысы естіле бастады. Тауды жарып өтіп, «Жалғызағаштағы» бұлақ басына аялдадық. Машина үстіне шығып дүрбімен жан-жағымызды шолып қарағанымызда байқағанымыз: ен далада мотоцикл, автомашина мініп безіп жүрген браконьерлер. Олардың мақсаты біреу-ақ – өздері онсызда әбден титықтаған арық ақбөкендерді атып алып, елді мекендерге сатып ақша қылу. Мүйіздерін Қытайға асыру. Шынында да қарап отырсақ, мыңдаған ақбөкен браконьерлердің қолынан бейберекет қырылып кетті. Атқан-атқанынша үлгергендерін алады, ал үлгермей қалғандарын теңкитіп-теңкитіп тастап кетеді. Қаншама тонна ет, ет болғанда қандай ет десеңізші, мемлекеттің есебіне ілінбей, жеке баюшылардың қалтасына қылмыстық жолмен ақшаға айналып түсіп жатыр. Өте дәмді, жеуге жеңіл, жұмсақ, емдік қасиеті және бар осы етті беретін табиғат байлығы – ақбөкендердің есепсіз қырылуына тыйым салатын уақыт жеткен сияқты.
Меніңше, облыста, оның ішінде, әсіресе, біздің аудан жағдайында мына мәселені шешуге әбден болады деп есептеймін. Жамбыл, Жезқазған, Алматы облыстарындағыдай арнайы аңшылық бригада ұйымдастырып, жергілікті дүкендерде арзан бағамен ақбөкен етін сату ұйымдастырылса. Жоғарыдан рұқсат алып, аудандық тұтынушылар одағы халық үшін осындай бір игілікті іс атқарса деген пікір бар. Менің бұл пікірімнің екі түрлі тиімділігі бар. Біріншіден, дүкендерде арзан бағамен ақбөкен еті сатылып жатса, жұрттың бірқатары мұздай қаруланып, тау асып, Сарысуға сарылып, ақбөкен қумас еді. Етті аңсаған халық браконьерлер қолынан ақбөкен сатып алмас еді. Сонда браконьерлік жасау өзінен-өзі жойылатын болады. Бұл ауданда автокөліктердің заңсыз пайдалануын, көптеген адамдардың жұмыс уақытысында жұмыс орындарын тастап Бетпақдаланы кезіп кетуін болдырмас еді-ау дейміз. Сонымен қатар браконьерлік кезде түрлі апаттардың болмауын да қамтамасыз етеді. Екіншіден, ақбөкеннің етін дүкенде сату арқылы азық-түлік программасының орындалуына қол жетеді әрі мемлекет кассасына қыруар қаржы түседі. Менің осы ойым жүзеге асар болса, аудандағы маңызы зор үлкен әлеуметтік мәселе (ет жөніндегі) шешілетін сияқты, – деп жазыппын. Бұл бұдан 34 жыл бұрынғы пайымдау. Ақбөкен көбейіп кетсе, жер-көкке сыймай жатса дегендегі айтылған ойым болса керек.
Иә, ақбөкенді қазақ «киік» деп атайды. Оның сүйкімді лағын «құралай» дейді. Бір ғажабы ақбөкендер табиғат тамыршысы (әулиесі) секілді. Көктемнің кеш туатынын, қыстың қарлы боранды болатынын алдын ала адамнан бетер біліп отырады. Ен далада мыңдаған жануарлар жосып жүреді. Ауа райының ерекшелігіне қарай тез қоныс аударып, соған сәйкес тіршілік етеді. Қазақ атам киелі аң деп қастерлейтін осы сұлу жаратылған ақбөкен шөлейтті және далалық аймақтарда өсіп-өніп, көбейіп жатады. Бетбақдала популяциясының киіктері қыс мезгілінде облыстың солтүстік-шығыс беткейі Қарақұм деп аталатын далалық аумаққа қоныс аударады. Олардың төлдеу уақытысы сәуір айының 15-і мен мамырдың 15-і аралығын қамтиды. Жойылып кету қаупі бар жануарлар қатарындағы тіршілік иесі ақбөкенді аулауға 2015 жылдан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынған болатын. Енді киіктің санын көбейту үшін бұл мерзім 2023 жылға дейін ұзартылған еді. Кенет «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей, Экология, Геология және Табиғат ресурстар Министрі Серікқали Брекешев «Қазақстанда 80 мың киікті атуға рұқсат берілуі мүмкін» деді. Себеп, киік биыл қатты көбейіп кетіпті. Санақшылар есебінен жаңылысып жатыр екен. Арқаның атызын аралап, егінін таптап, шаруалардың мазасын қашырыпты. Министрдің сөзінше, «Киіктер қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістіктеріне түсіп жатыр. Біріншіден, киік «Қызыл кітапқа» енгізілмеген. Ол жойылып бара жатқан түр ретінде қарастырылады. 2016 жылдан бастап, бізде 110 мың киік болды. Бүгінгі таңда олардың саны 1 миллион 318 мыңға жетті, біз популяцияны сақтап қалдық. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. Енді бұл популяцияны реттейтін уақыт келді», – депті. Оған қоса «Киік санын реттеуге нақты лимит белгіленеді. Бұл реттеудің ішінде осы жануарларды ату да бар. Лимит қатаң түрде анықталады. Жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобына барлық мүдделі мемлекеттік органдардың Бас прокуратураның, ішкі істер министр өкілдері кіреді. Біз браконьерлікті заңдастыруға жол бермеу үшін барлық жұмысты жасап жатырмыз» деген екен. Экология министрі С.Брекешевтің бұл шешіміне халық қарсы болып, ақырсоңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған сөгіс жариялады. Қазақ үшін киік қашанда киелі аң. Лимит деген күніне қанша бөкен, аптасына, не айына неше киік ату керек деген шектеу емес пе? Киік атуға заң шығып, рұқсат берілсе болды, онда қандыкөз браконьерлер кең даламызды қанжоса қылады. Инспекторлар кімнің мылтығы мен оғын санап жүреді? Арқаның сайын даласының ерке жануары ақбөкен қырылды, киік атауы жойылды дей беріңіз. Оған бәріміздің көзіміз жеткен. Дарабоз ақын Сәкен Сейфуллин баяғыда-ақ:
«Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім» деп жырына қосқан. Оны әнші Әлмырза Ноғайбаев әуелетіп әндетті. Киікке жаны ашитындар көздеріне жас алды. 80 мың киіктің көзін жою обал емес пе? Сонда жоғарыдағылар ит атуға тыйым салып, киік атуға рұқсат бермек пе? Бұған халық наразы. Үлкендер «ақбөкенді көп атуға болмайды, киіктің киесі ұрады» деп отырушы еді. Рас та шығар. Өйткені, киік төлдейтін «құралай салқыны» кезінде шыбын-шіркей шықпайды, ит-құстың да тәбеті бір апта тыйылады екен. Бір ғажабы сол, егер үйірде текелер азайып кетсе, сол жылы табында кілең еркек лақтар туылады. Керісінше, киіктердің ешкілері азайса, олар өмірге ұрғашы лақтарды алып келетін көрінеді. Сондай-ақ киіктер төлдеп жатқанда оны қорек ететін түз тағыларының тістері босап, қасқырдың жағы қарысып қалатынын естігенде, ақбөкеннің, яғни, киіктің киелі аң екендігіне таңданудан басқа амалыңыз қалмайды. Киіктің тағы бір ерекше қасиеті – оның ешкісі кез келген құралайды емізіп, бауырына алып, осылай жаңа туған лақтарын жетім қалдырмайды екен. Адам секілді. Табиғаттың біз біле бермейтін құпиясы көп. Қолымызға мылтық алып, далақтап ақбөкен атуға құмарлықты қойғанымыз дұрыс сияқты. Киіктің киесі кімді ұрады? Экология министрін бе, әлде, киікті аямай қырып салатын браконьерлерді ме? Оны Алланың еншісіне қалдырдық.
Өркен Исмаил,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі