Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Кешірім сұрау

Кешірім сұрау

Кешірім сұрау

Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген қүмырсқа ашуланып: «Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер мен көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік иесі Алла Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?» - дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, қүмырсқадан кешірім сұрайды.
  Сонда құмырсқа: «Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін»,- дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: «Бірішіден, бірдеңе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Алланың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Алланың кеңшілігінен қалайша тыясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Алла Тағала екенін есіңде түт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!» - дейді. Сүлеймен оған: «Алла қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын», - деп уәде береді.
26 мамыр 2019 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (8777)

30 наурыз 2020 ж.

№23 (8776)

26 наурыз 2020 ж.

№22 (8775)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам