Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Салауат саған мұхаммед

Салауат саған мұхаммед

Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Алла тағаланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) милади жыл санауы бойынша 571 жылы, 20 сәуірде дүйсенбі күні дүниеге келген. Бұл Хижра есебіндегі – рәбиғул-әууәлдің тоғызыншы немесе он екінші күніне тура келеді. Алла тағала құранда пайғамбарымыз туралы: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік», – дейді. Ол дүние есігін ашпай жатып әкесінен айырылады, ал, алты жасында анасы дүние салып, атасы Әбдімүтәліптің тәрбиесінде болады. Жастайынан әділдігімен көзге іліккен пайғамбар «Әмин» атанады. Адамзаттың азғындаған уақытында жіберілген елші Алланың әмірін жеткізіп, әділдік үшін күреседі. Алланың қалауымен жеңіске де жетеді.
Алла елшісі Пайғамбарымыздың туылған күні өткен аптада аудандық мәдениет үйінде аталып өтті. Шара қасиетті Алланың кәләмі құраннан бастау алды. Ардақты пайғамбарымыздың әділдігі мен көркем мінезі жайында, көрген қиыншылықтары мен үмбетіне деген шексіз махаббаты туралы сөз өрбіді. Салауаттар айтылды. Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап жүрген «Есабыз ата», «Алтай қожа», «Орталық мешіт» имамдарына алғыс хаттар табыс етілді.
«Төңкеріс» ауылының жа­ма­ғатының ұйымдастыруымен көріністер қойылды. Әсіресе, яхудидің мұсылман болғандығы жайында сахналанған көрініс жұртшылықтың жүрегін жылатты.
Рахат Қалкөзов, Талғат Кү­зем­баевтар көрермендерге ру­хани әндерден шашу шашса, Ы.Жақаев ауылының ақсақалы Нұрлан Махмудов бата беріп, шараны қорытындылады.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
16 қаңтар 2018 ж. 1 528 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930