Сәлем түзелмей әлем түзелмейді
Мұнан бірнеше жыл бұрын айтқым келді, айта алмадым. Жазғым да келді, жаза алмадым. Неге десеңіз, газет бетіне жарияланған мақала авторына қарасам ол философ, доктор, лауреат, профессор, болмағанда одақтың мүшесі. Атынан атағы зор азаматтар. Олардың қасында мен кіммін деген ой болды. Оның үстіне «Аллаға күпір келтіріп, адамға жазып қалармын!?» – деген үрей басым тұрды.
Не де болса жазуға бекініп көкейдегі ойымды қағазға түсіруді жөн санадым. Бұл ойыма қарсы болатындар да болар, мүмкін қолдайтындар да табылар, оны келешек көрсетер. Менің бір жаңалық ашып, не болмаса «төңкеріс» жасайын деген ойым жоқ. Тек, осы уақытқа дейін сан мәрте айтылып, жазылып келе жатқан «Сәлем беру» үрдісі жөнінде өз ойымды ортаға салмақпын.
Сонымен, сәлемді біз қалай беріп жүрміз. Мұсылман үшін сәлем беру, қасиетті кітабымыз – Құранда бекітілген. «Ниса» сүресінің 86-аятында – «сәлем бергенге сәлемін есесімен қайтарыңдар» – деген. Ал пайғамбар (с.ғ.с) сәлем бергенде «Ассаламуалайкум!» дейтін, сондықтан да сәлем берудің бұл тәртібі пайғамбар (с.ғ.с) ның сүннеті деп қабылданды. Ал сәлем бергенге – «Уа алайкумуассалам уа рахматуллаһ» деп жауап беру шариғат шартын жөнімен орындау болып табылады. «Бізде осылай сәлемдесіп жүрміз, сенің айтпағың не?!» – дейтін боларсыздар. Міне мәселе дәл осы жерде.
Ия, сіз «Ассаламуалайкум!» деп сәлем бердім дейсіз, бірақ көбіңіздің айтатындарыңыз бұл сөз емес, яғни «Ассалаумаалейкум!» дейсіздер. Енді екі сөздің айырмашылығын зерттеп қараңыз. Бірінші сөзде «салам» айтылса, екіншісінде «салау» болып айтылып тұр. «Салам» сөзі мен «Салау» сөзінің мәні мен мағынасына назар аударып жатқан ешкім жоқ. Әйтеуір сәлем беру ниетімен айтылып жатқан соң солай қабылданып кеткен. Ал, енді әрбір сөзді өз мән-мағынасымен айтсақ біз ұтамыз ба, әлде ұтыламыз ба? Мысалы, («Тағам» деген сөзді, «тағау» деп айтып, асқа тапсырыс бермейміз ғой). Сол секілді тура мәнінде айтқанымыз жөн болар деп ойлаймын.
Рас кешегі кеңестік идиологияның салдарынан тіліміз шұбарланып, орыстың біраз сөзі кірме болып кеткені анық. Қарапайым мысал келтірсек: «Москваны» – Мәскеу, «пловты» – палау, «кроватты» – керует, «самоварды» – самауыр деп қабылдағанымыздай, «Партия жасасын!» (Слава КПСС!) деп ұрандап жүргенімізде «слава» сөзі – слауа, салауа болып тілімізге еніп, соңында сәлемімізге араласып кеткен секілді. Сосынғы бір жағдай. Балаларымызға «Ассаламуалайкум» сөзін айту қиын болғандықтан «Әшалау!», «Әссалау!» деп үйрететініміз бар. Бірақ ол сөз сол балалықпен қалу керек қой. Бірақ біз сол бала күнгі үйренген сәлемімізді әлі айтып, оның мағынасына назар аудармай келеміз.
«Ассаламуалайкум» деген сөзді айтуды қиынсынса қазағымның дәстүрлі сәлем беру әдептерін сақтап, «Сәламатсың ба?!» «Аман-есенсің бе?!» «Сәлем бердік!» «Ар ма?!» т.б. түрлерін қолданып жүрсе дегім келеді. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өзінің қоштасу хутбасында «Егер менің айтқанымды естіп басқаға бұзбай, бір әрпін өзгертпей жеткізсеңдер 70 есе сауап жазылады, одан кейінгіге 700 есеге дейін сауабы өседі» деген. Керісінше айтқан сөздерін өзгеріске ұшыратса зор күнә иесі болатындығы ескертіледі. Біз болсақ пайғамбар (с.ғ.с) түгілі Алланың сөзін бұрмалап жүргенімізді сезгіміз келмейді. Бұлай күнәмызды көбейте бергенше келешек қателігімізді түзетіп, осы ойдан бастап үлкен сауапты іске ат- салысайық.
Қасиетті Құран кәрімде Алла тағала «Ағзаб» сүресінің 56-аятында «Пайғамбарға (с.ғ.с) Алла рақымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, муминдер! Пайғамбарға (с.ғ.с) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар» – деген. Осы бір «Мәуліт» айында бір-бірімізге берген сәлеміміз, айтқан тілектеріміз Алла тарапында қабыл болып, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) ға айтылған салауаттарымызды, жасаған дұғаларымызды, жолдаған сәлемдерімізді сауабына жазсын. Мәуліт мубарак болсын!!!
Мұхамедқали Бекқожаев,
Еңбекші ауылы.