Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр қазақтың баласы білуі тиіс дала заңдары

Әр қазақтың баласы білуі тиіс дала заңдары


Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов қандай жағдайда кімге не беру керек және кімнен не сұрау керектігін жіпке тізіп берді. Айтуынша, еш жерде жазылмаған даланың бұл заңдарын әр қазақтың баласы білуі тиіс.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сонымен ЖАЗЫЛМАҒАН ДАЛА ЗАҢЫ
БЕРУ КЕРЕК:
Үлкенге – сәлем,
Қуантқанға – сүйінші,
Қуанышқа – шашу,
Соғымнан – сыбаға,
Егіннен – кеусен,
Балаға – базарлық,
Киімге – байғазы,
Сәбиге – көрімдік,
Төркіндеген қызға – қалауын,
Жаңа көршіге – ерулік,
Досқа – естелік,
Жетімге – қолқайыр,
Мүсәпірге -садақа,
Байлықтан – зекет
Тойға – сияпат,
Жас босанған анаға – қалжа,
Сағынғанға – сәлемдеме береміз.
СҰРАУ КЕРЕК:
Үлкеннен бата
Аңшыдан – сыралғы,
Сырқат жанның – көңілін,
Қарттың – қал-жағдайын,
Жетімнің – жай-күйін.
02 қаңтар 2019 ж. 3 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031