Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әзербайжан президенті күзде Қазақстанға келуі мүмкін

Әзербайжан президенті күзде Қазақстанға келуі мүмкін

Әзербайжан президенті күзде Қазақстанға келуі мүмкін2025 жылдың қазан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, бұл мәселе жақында екі мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуінде көтерілген.
«Қазір тараптар сапардың нақты мерзімі мен оның мазмұнын талқылап жатыр», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Ол өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барғанын еске салды. Екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі мемлекет арасындағы одақтастық қарым-қатынасты нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.
15 тамыз 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031