Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыс Қазақстанда ақбөкендер аштан қырылып жатыр

Батыс Қазақстанда ақбөкендер аштан қырылып жатыр


Ауа райының құбылуына байланысты қар беті мұзға айналып, ақбөкендер азықтана алмай жатыр. Орман шаруашылығы және жануарлардың аумақтық инспекциясы басшысының айтуынша, 21-22 наурызда Ақжайық ауданындағы Чапаев ауылында ақбөкендер үшін қолайсыз ауа райы болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
«Күннің бірде жылып, бірде суып кету салдарынан қардың үстінде қалың мұз қабаты пайда болып, жас ақбөкендер қар астынан азық табуға шамалары жетпеген. Екі күн ішінде жеті бас ақбөкен өлді. Екі аңшылық шаруашылық бұл мәселені бақылауда ұстайды. Қорықшылар жағдайды бақылауда ұстауда, жем беріп көрді, бірақ олар жемге жоламай қойды. Сондай-ақ, мамандар әлсіреп қалған ақбөкендер азықтанатын жерге жетулері үшін қамысқа баратын жолды ойып шықты. Қазір ақбөкендер қамыс ішінде азықтанып жүр», - дейді Қайрат Қатешев. Облыста 100 мыңға жуық ақбөкен бар.
Baq.kz

27 наурыз 2018 ж. 2 872 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930