Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2018 жылдың 1-3 наурызы аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Мамандардың болжамына қарағанда, 1-3 наурызда Қазақстанда өткінші суық болады. "Қазақстанның орталық аймағынан ауысқан циклон солтүстік-шығысқа қарай қатты жылдамдықпен жылжиды. Ал наурыздың 1-і күні республикадан тыс жерде болады. Бірақ бұл циклонмен байланысты атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс аймақтарға қар мен боранды алып келеді. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын және тұман күтіледі", - дейді синоптиктер. "Қазақстанның барлық аймағында салқындатуды тудыратын суық антициклон Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарынан циклонның артқы жағына тарай бастады. Күнтізбелік көктемнің келуіне байланысты синоптикалық процестер өте жылдам өзгеріп отырады. Сол себепті антициклон және суық күндер өткінші болады", - делінген хабарламада.

 Kaz.tengrinews.

28 ақпан 2018 ж. 1 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930