Қызылорда қаласының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтың тұрғындармен кездесуі қалаға іргелес жатқан Қосшыңырау және Қарауылтөбе ауылдарында жалғасты. Қала әкімі алдымен Қосшыңырау елді мекенінде болып, халықтың талап-тілектерін тыңдады.
Көтерілген өзекті мәселелердің бірі – ауылды көгілдір отынға қосу. Бұл жұмыстар бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленген. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Енді құрылыс жұмыстарына 685,6 млн. теңге қажет. Қаражатты республикалық бюджеттен бөлу жөнінде жедел шаралар атқарылуда.
Кездесуде тұрғындар мектепті күрделі жөндеуден өткізу, дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі турасында сауалдарын жолдады. Қала әкімі аталған нысандар жөнінде нақты жұмыстардың қолға алынғандығын жеткізді.
Қарауылтөбе ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында типтік үлгідегі 150 орындық клубтың құрылысы жүруде. Сәуір айында іргетасы қаланған жаңа мәдениет ошағын жыл аяғына дейін халық игілігіне пайдалануға беру жоспарланып отыр. Клуб үйінің салынуына ризашылығын білдірген тұрғындар қала әкіміне бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Қала басшысы Асылбек Шаменов көтерілген мәселелердің мүмкіндігінше тез шешілу жолдары қарастырылатынын айтты.
https://kyzylorda-news.kz