Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 525 отбасының қуанышы: Қызылорда облысында тағы бір ауыл газға қосылды

525 отбасының қуанышы: Қызылорда облысында тағы бір ауыл газға қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында бүгін Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Тұран елді мекені көгілдір отынға қосылды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова шегендіктердің қуанышына ортақтасып, салтанатты шараға қатысты.Аймақ басшысы "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында Шеген Қодаманов елді мекенінде жүргізілген газ құбыры және кварталішілік газ тарату желісі жұмыстарының тұрғындар үшін маңыздылығына тоқталып, Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырының сәтті жоба болғанын тілге тиек етіп, тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстарының одан ары жалғасатынын айтты.

"Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесімен тұстас келген, ауыл тіршілігіне тың тыныс берер, халықтың тұрмыс сапасының артуына септігі мол серпінді жобаның бірі – Тұран ауылдық округінің көгілдір отынға қосылуымен шын жүректен құттықтаймын.
Жыл сайын халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында аудан тұрғындарының жайлы тұрмыс кешуіне ең қажетті ауызсу, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Біз аудан орталығына жақын елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету арқылы халықтың тұрмыс жағдайын ғана емес, аудандағы өндірістің өрге басуының, кәсіптің одан ары кең қанат жаюына мүмкіндік аламыз.
Бүгін Тұран ауылдық округінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізген бас мердігер компания "Строй Газ Компани" мекемесіне және құрылысшыларға барша ауыл тұрғындарының атынан және Өз атымнан алғысымды айтамын", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Қазіргі таңда Шиелі кенті мен Байтерек, Жаңатұрмыс, Бидайкөл, Керделі ауылдық округтері көгілдір отынға қосылса, бүгіннен бастап Шеген Қодаманов ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп, 525 үйге газ кірді.
04 желтоқсан 2021 ж. 559 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

Қызылша ауруынан сақтанайық!
11 желтоқсан 2023 ж. 65

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам