Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Толағайлар сайысы

Толағайлар сайысы

Балабақша – баланы өмірге баулуда маңызды рөл атқарады. Әсіресе бұл жерде тәрбиенің өзі ерек. Осыны ұғынған балабақша ұжымы да балғындар үшін барын салуда. Жуырда дәл осындай мақсатпен аудандағы «Алина» балабақшасында «Толағай» отбасылық сайысы өтті.
Балалар жылына орай салауатты өмір салтын ұстануға насихатталған іс-шараны балабақша тәрбиешілері Маржан Шаймерденова, Әсел Мұстафаева, Нұржанат Әбубәкір ұйымдастырған. Аталған сайысты балабақша меңгерушісі Айда Уалиева ашып берді. «Таныстыру», «Білімді кеңгуру», «Жеміс-жидектерді жинау», «Аққала», «Балық аулау» атты 5 кезеңді қамтыған сайыс жоғары деңгейде өтті.
Толағай – баланы өмірде белсенді, шымыр болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрететін бірден-бір сайыс түрі. «Толағайға» қатысқан отбасылар «Қыран», «Сұңқар», «Бірлік», «Барыс», «Тұлпар», «Құлагер» болып 6 топқа бөлінді. Спорттық шара соңында бас жүлдені «Құлагер» тобы иеленді. Ал І орын «Бірлік» тобының қанжығасына ілінсе, ІІ орынды «Қыран» мен «Сұңқар» тобы бөлісті. ІІІ орын «Барыс» пен «Тұлпар» тобына бұйырды. Балаларда өздеріне тиісті сыйлықтары мен алғыс хаттарына ие болды.
Отбасы – сыйластығы мен жарасымдылығы орнаған орта. Олай болса, бала тәрбиесі – күрделі әрі бәрімізге ортақ іс. Мұны ұмытпаған ләзім.

С.МАДИЯРОВА
30 шілде 2022 ж. 732 0