Мал баққанның ырысы мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тіршілігін жандандыруға пәрмен беріп, түрлі бағдарламалар арқылы мал өсіруге ниетті жандарды қолдауда. Сол бағдарламаларлың қатарында бірнеше жылдардан бері жүзеге асырылып келе жатқан «қайтарымсыз несие» әлеуметтік бағдарламысы бар.
Мемлекет ұсынып отырған осы мүмкіндікті қалт жібермей, атакәсіптен несібесін табуды көздеген жастың бірі – Бәйтерек ауылының тұрғыны Назерке Қарабатырова. Ол бағдарлама арқылы 2 бас сиыр алып, кәсіп бастаған. Кейіпкерімізге алдымен жұбайы қолдау білдіріп, есік алдынан қора соғып берген. Осындай қолдаудан қанаттанған Назерке кәсіпке бел шешіп кірісіп кеткен. Ізденіп, құжат тапсырып, ел қатарлы қайтарымсыз несие алуға талпынып, ақырында 2021 жылы комиссия алдында «Бастау Бизнес» жобасын сәтті қорғап, 584000 теңге қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізеді. Қазіргі уақытта сол қаражатқа екі мүйізді ірі қара сатып алып, оны көбейтуге жұмыс істеуде. Ал басқа мал түрін емес, мүйізді ірі қараны таңдауын Нәзерке Жасаралқызы былай түсіндірді:

– Бала күнімнен әкемнің қасында жүріп, ер азаматтың да тірлігін тындырып, ауыл тіршілігіне қанық болып, мүйізді ірі қараның толайым табысқа жетелейтініне көзім жетті. Кейіннен тұрмыс құрып, бір үйдің келініне айналдым. Әкемнің үйреткендері сабақ болды ма, көп ұзамай мал шаруашылығын бірден меңгердім. Ойымды іс жүзінде жүзеге асыру үшін жыл басында жұмыссыздыққа тіркеліп, құжат тапсырдым. Кейін осы бағдарлама арқылы грант иеленуге болатынын айтқанда қуана келісіп, елмен бірге курста оқып, бағымды сынап көрдім. Көп ұзамай сәттілік серік болып, 584000 мың теңгеге қол жеткіздім. Бұған ата-анам да қуанышты.
Қазіргі уақытта Назерке сүттің литрін 300 теңгеден, айранды 200 теңгеден саудалап отыр. Айтуынша ауыл тұрғындарының арасында сүт пен айранға сұраныс жоғары. Алдағы уақытта осы кәсіпті кеңейтіп, мал басын арттырып, өнімді ұлғайтуды көздеп отыр. «Кәсібімді кеңейту арқылы елге де, отбасыма пайдам тисе», – дейді ол.
Зеңгі баба тұқымын бағып-қағу қиындығын, шығынсыз өсіру оңай еместігін, бұл түлік түрінің малшыдан қажырлы еңбекті, темірдей төзімді талап ететіндігін ұлтымыздың «Сиыр бақтым – сидаң қақтым» дегенінен ұғуға болатындай. Біз осы кейіпкер арқылы өңірдегі барша бауырларды кәсіп игеріп, ел қатарлы еңбек етудің түбі берекеге бастайтынын айтқымыз келеді.
Ш.Тілеубаев