Сиыр сауып, сүт сатқан Сұлушаш
Ата-бабамыз ежелден мал бағып, соның ырызық-несібесіне кенелген. Зеңгі баба түлігін өсіру – ешқашан сұраныстан шықпайтын, құнсызданбайтын, әрдайым өнім беріп тұратын кәсіп. Қазақта бағзы заманнан мал өсіруде, оның өнімін пайдалануда тәжірибе жетерлік. Яғни «түгін тартсаң майы шығатын» құнарлы жеріміздің шұрайлылығына, кеңдігіне, табиғи-климаттық ерекшелігіне, керек болса, әр өңірдің жер ыңғайына, табиғатына бейімделген ірі қара тұқымы қалыптасқан. Бүгінде ауданда зеңгі баба түлігін өсіруге ынталы кәсіпкерлердің саны артып келеді.
Жыл он екі ай бойы тынымсыз тірлікті қажет ететін мал шаруашылығы жауапкершілікті талап етеді. Ал қара жердің арқасы сөгіліп, көк шыға бастағанда малшылар қауымының иығына түсер салмақ та еселенеді. Біз ата кәсіпті нәсіп еткен ағайынның жағдайын білмекке Талаптан ауылына атбасын бұрдық. Бүгінде аталған ауылда 120 кәсіпкерлік субьектісі жұмыс істейді. Оның ішіндегі басым бөлігі егін мен мал шаруашылығын құраса, қалғандары қайтарымсыз грант арқылы кәсіп ашқандар. Тіпті кәсібін дөңгелетіп, қоғамнан өз орнын тапқан талапты да дарынды жастар да жетерлік. Сондай жастың бірі – Талаптан ауылының тұрғыны Сұлушаш Мырзағұлова.

Ол Атамекен кәсіпкерлік палатасында өткен жылы комиссия алдында «Бастау Бизнес» жобасын сәтті қорғап, 583400 теңге қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізеді. Алған қаражатқа екі мүйізді ірі қара сатып алып, оны көбейтуге жұмыс істеуде. Кейіпкеріміз өзінің іскерлігімен көзге түсіп, ер-жігіттермен бірдей еңбектеніп келеді. Шаруашылық иесінің сөзінше, мал басының көбеюіне «Бастау-Бизнес» жобасының көмегі көп тиген.
– Экономиканы өрге сүйрейтін – ауыл шаруашылығы. Бізде оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік жоғары. Даламыз кең байтақ, мал бағуға өте ыңғайлы. «Бастау Бизнес» жобасы Менің қолыма балық емес, қармақ ұстатты. Ең бірінші осы қайтарымсыз грантқа қол жеткізуіме көп көмегін тигізген Бекзатхан Бауыржанұлына алғысым шексіз. Малға қажетті қора жайым және жайылымдық жерім бар. Өткен жылы отбасымен ақылдаса отырып, кәсіп ашуға шешім қабылдадық. Мемлекеттік бағдарламаға қатысып 2 бас сиыр сатып алдым. Олар төлдеп жатыр. Әзірге нәтиже жаман емес. Алла қаласа, бірер жылда мал басы тағы көбейтуді ойлап отырмын. Сонымен қатар табиғи өнімдерді сүт, қатық, май, құрт ірімшік жасау арқылы табыс тауып отырмын. Ата-баба кәсібін қолдан келгенше жалғастыра беремін. Тіпті, әлі де қолдау болып жатса, Шиеліде жасалған табиғи өнімдер қатарын да толықтыратын боламын, – дейді жас кәсіпкер ризашылық сезіммен. Кәсіптің көзін тапқан кейіпкеріміздің ісі де, сөзі де келісті.
Ш.Тілеубаев