Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ ӨНІМ ӨНДІРЕЙІК

УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ ӨНІМ ӨНДІРЕЙІК


Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесінде агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі ерекше аталды. Әрине, оған негіз де бар. Қазақстан – әлемдегі ауыл шаруашылығын өркендете отырып, еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өндірілген өнімді экспорттауға мол мүмкіндігі бар мемлекеттердің бірі. Президент жалпы аграрлық салада шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етуге, әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өніммен шығу керектігіне мән берді. Шын мәнінде, осы саладағы «Өнім өндіру мәселесін толық шешілді» деп айтуға болмас, бірақ өндірілген өнімнің өзін өңдеу, оны халықаралық стандартқа сәйкестендіру бағытындағы іс-әрекет әлі де болса жеткіліксіз.
Егін шаруашылығын айтпағанның өзін­де, мал шаруашылығындағы әлі де іске қо­сыл­маған резервтер жеткілікті. Қазақ хал­қының ең алғашқы ғылыммен айналысқан са­ласы – меніңше мал шаруашылығы. Зер­де­лей мән берсеңіз, атам заманнан белгілі еділ­бай қой тұқымының, жәбе мен адай жыл­қысының, қос өркешті майлылығы жо­ғары түйе тұқымдарының шығарылуы – осы­ның айғағы. Ата-бабаларымыз олардан алын­ған мал өнімдерін өңдей, сақтай білген жә­не жылдың төрт мезгілінде тиімді пайда­лан­ған.
Қазір де елімізде мал шаруашылығы өні­мін арттыруға, одан алынған өнімді өңдеп, жо­ғары сапалы өнім ретінде сатуға мүмкіндік мол. Республикада мал өнімдерінің 70-75 пайызы жеке шаруа немесе үй шаруашылығында, ал қалған бөлігі ірі ауыл шаруашылығы өнім­де­рін өндіруші мекемелерде өндірілуде. Кейін­гі­лері негізінен ірі елдімекендер мен қалалар маңын­да орналасқан. Жер көлемі бойын­ша әлемде 9-орындағы ұлан байтақ Қазақстан үшін оны тиімді, мақсатты пайдалану қажет. Сондықтан да жайылым малы өнімдерін өң­діру технологиясын игерудің еліміздің кең бай­тақ жерін тиімді пайдалануда мәні ерек­ше. Елімізде шөлді-шөлейтті, жазық дала, тау­лы аймақтармен қатар, өзен-көлді өңір­лер­ге жақын орналасқан қаншама елді­ме­кен­дер, ауылдар бар. Ол ауылдарда егін шаруа­шылығымен қатар, төрт түлік мал өсіруге жағ­дай жеткілікті. Бірақ ол өңірлердегі ре­зерв­тер пайдаланылмай отыр. Мәселен, бір от­басы 7-10 адамнан тұратын болса, олардың 20 қой, 3 сиыр, 1 ат, 30 тауық ұстауға толық мүм­кіншілігі бар. Бұл – ауыл өмірі. Өзіміз де сон­дай отбасында өстік. Сол ауылда 90-100 үй бар. Ендеше бір ауылда қаншама қой, қан­шама ірі қара мал болатынын есептеу қиын емес. Ол ауылда сүт өңдейтін кооперативті не­гізде құрылған кішкене мекеме болса, онда 200 сауын сиырдан күнделікті екі мезгіл сүт өн­діріп, оны өңдеу арқылы ауыл халқының әл-ауқатын көбейтуге мүмкіндіктер туар еді. Тіпті кіші зауытқа күнделікті өткізілген сү­тіне қаржы алып отырса, «Әрбір жанұя үшін көп көмек болып, жұмыс орындарын қалып­тастыруға бағытталған іс-әрекеттің бірі болар еді» деп ойлаймын.
Келесі мәселе – әрине ет өндіру, оны өң­деу. Бұл бағытта ет өндіруді тек ірі қара малды бор­дақылау алаңдарында ғана емес, жайы­лым малынан, үй шаруасы малынан өндіруге аса зор мән берген дұрыс. Ғылыми мәліметтер бойын­ша, 1911 жылы Ресейдің Санкт-Петер­бор қаласы базарларында сатылған қазақ елі­нің ұлы даласынан әкелінген мал еттері эко­логиялық таза ет ретінде 1,5-2,0 есе қым­бат сатылған. Сондықтан жайылым мал еті­­не оның ішінде, Арқада, Бетпақдалада жайылған малдың етін өндіруге жеткілікті көңіл бөлу қажет.
Мал терісі, елтірісі мен жүні де – егер дұ­рыс өндіріп, өңдесе халықаралық деңгейде өз орнын алатын шикізаттар.
Төрт түліктің төресі түйе еті мен сүтіне бо­лашақта Қытай тарапынан сұраныс болуы мүм­кін. Өйткені түйенің аталған өнімдерінің ем­дік қасиетін жан-жақты зерттеп, оның адам ағзасына қажеттілігін дәлелдеген Қазақ­стан ғалымдары болса, оны іс жүзіне асыр-ған – Қытай елі. Ол мемлекетте түйе малы­ның са­ны санаулы ғана.
Президент Жолдауында әрдайым елі­міз­дің ғылыми потенциалын пайдалану қажет­тілігін атап айтты. Оған негіз де бар. Тек елі­міздің Тәуелсіздік жылдарында, Қазақ­стан­­ның түрлі экологиялық аймақтарына бейімделген, әулиекөл етті ірі қара мал тұқымы, сүтті ірі қара малының қара-ала, қы­зыл-ала және қоңыр зауыттық сүлелері, әлемде теңдесі жоқ, казақ қаракөл-құйрықты қой тұқымы, биязы жүнді «Етті-меринос», ордабасы етті-құйрықты қой тұқымы, мұ­ғалжар жылқы тұқымы, малдың жалпы саны 25-тен жоғары өнімді тұқымдық, зауыттық тип­тері мен желілері шығарылды.
Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өн­дірісі ғылыми-зерттеу институтының ға­лым­дары, сонымен бірге, цифрлы ақпаратты технологияны енгізу мақсатында География­лық ақпараттық жүйесі – картасын дайындап, шетелдерден әкелінген мал тұқымдарының еліміздің табиғи-климаттық жағдайына бейім­делушілік қасиеттерін зерттеп, ДНҚ-тал­дау әдісімен малдың шығу тегін анықтауға ба­ғытталған селекция-генетикалық зерт­теулер жүргізуде. Институт ғалымдарының ғылыми-зерттеу жобаларында селекциялық-асылдандыру жұмыстары бойынша 53 етті ірі қара шаруашылығы, 43 сүтті ірі қара шаруа­шылығы, 47 қой шаруашылығы, 11 жылқы шаруашылығы қамтылған.
Айтарым, Елбасы ауыл шаруашылығын өр­кендетудің қажеттілігін оның өнімін әлем­дік деңгейге сай, өңдеп-өндіруді бүгінгі адам­зат жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басқан кезеңде тағы да атап өтті. Жа­рия­ланған Жолдау ауыл өміріне, ауыл шаруа­шы­лығына жаңа серпін берері сөзсіз.
Әбдірахман ОМБАЕВ, 
Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы 
өндірісі ҒЗИ бас директоры, 
ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
Мемлекеттік сыйлықтың иегері
07 ақпан 2018 ж. 1 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930