Ардагерлер беделі артады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Еліміздің әрі қарай өсіп-өркендеу жолында кездесетін кедергілерді жоюда ардагерлермен бірлесе жұмыс істеу маңызды» деп айтқаны елдегі бүкіл ардагерге қанат бітіргені рас.
Аудандық ардагерлер кеңесі зейнет жасындағы жандардың материалдық, мәдени тұрмыстық, медициналық жағдайын жақсартумен қатар, моральдық жағынан қолдау, ынталандыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы олардың белсенділігін арттыруға айрықша көңіл бөлуде. Солай болу керек те. Себебі қазақ халқы қашанда үлкеннің батасын алып, елдік тұрғыдағы мәселеде ауыл ақсақалдарына жүгініп отырған.
Аудандық ардагерлер кеңесі зейнет жасындағы жандардың материалдық, мәдени тұрмыстық, медициналық жағдайын жақсартумен қатар, моральдық жағынан қолдау, ынталандыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы олардың белсенділігін арттыруға айрықша көңіл бөлуде. Солай болу керек те. Себебі қазақ халқы қашанда үлкеннің батасын алып, елдік тұрғыдағы мәселеде ауыл ақсақалдарына жүгініп отырған.
Қазіргі таңда республика, облыс, аудан көлеміндегі әрбір мекеме жанында бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Сонын бірі – №23 Геологиялық барлау экспедиция аумағы бойынша ардагерлер ұйымы.
«Ақсақалынан ақыл сұраған ешқашан адаспайды» дегенді ұстанымына айналдырған «Волковгеология» акционерлік қоғамының филиалы №23 геологиялық барлау экспедициясында ардагерлерге қамқорлық жасау жолға қойылған. Арнайы бағдарлама бекітіп, ардагерлерді ардақтау, қамқорлыққа алу, олардың бірде-біреуін назардан тыс қалмауын қадағалау мекеме басшыларының күн тәртібінен түскен емес. Тіпті зейнеткер әріптестерінің үйін аралап, олардың тұрмыстық, әлеуметтік, денсаулық жағдайын, қажеттіліктерін анықтап, көмек қолын созып келеді. Мәселен, жуырда осы мекемеде 40 жыл еңбек еткен ардагері А.Кривенконың үйінде төтенше жағдай орын алған болатын. Соған байланысты мекеме тарапынан сметалық құжаттар жасалынып, қажетті мамандар жасақталып, тұрғын үйіне күрделі жөндеу жүргізіп берді.
Одан бөлек ардагерлерге, оның ішінде ауған-тәжік ардагерлеріне қандай да болмасын мұқтаждығына байланысты көмек сұраған жағдайда тегін отын-көмір, жем-шөбін әкеліп беруге де көмек берілуде. Осылайша зейнеткерлерге жүйелі түрде моральдық-материалдық қолдау көрсетілуде.
Сондай-ақ жыл бойы мереке күндері қарсаңында ардагерлер мен еңбек озаттары басшылық тарапынан ақшалай сыйлық, алғыс хат, құрмет грамоталарымен және мерекелік медальдармен марапатталып, сый-сияпатқа бөленуі дәстүрге айналған. Ардагерлер мекемедегі түрлі іс-шараларға арнайы шақырылады. Зейнетке шыққан кезде міндетті түрде қазақтың салт-дәстүрі бойынша иығына шапан жабылып, қошемет көрсетіледі.
Ең бастысы осы аға буынның істеген еңбектерін бағалап келесі ұрпаққа үлгі ету, тәжірибелерін насихаттау мақсатында бұрғылау қондырғылары Қ.Қойгелдиев, А.Алимқұлов, Б.Төлеғұлов, А.Тулеев, О.Байдилбаев, И.Маханбетов тағы басқа да ардагерлердің есімдерімен аталады. Мекемеде қазіргі уақытта Бегайдаровтар, Ревоштан, Балановский, Караульшиков әулеттері, яғни әкесі, баласы, немересі жұмыс атқаруда.
№23 геологиялық барлау экспедициясының басшылығы сонымен қатар кадр саясатында, басты ұстанымы ретінде өз міндетін сапалы атқару жолында ақылға жүгініп, табандылық таныта білетін мамандарды тартып келеді. Өз еңбектерімен көзге түсіп, жас мамандарға ақыл-кеңестерін беріп, өздерінің іс тәжірибелерін насихаттап үнемі үйретіп жүрген еңбек үздіктері, бұрғылау шеберлері М.Алимбеков, Р.Қалыбек, бұрғылаушылар Қ.Райымбеков, В.Қыдырбаев, С.Құрманбеков, Е.Сәулебековтер соның дәлелі.
Бұл ізгі іс әрекеттердің барлығы «Волковгеология» АҚ-ның филиалы №23 геологиялық барлау экспедициясының бастығы Қосай Умарбаев және директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Ғафур Жұмабаевтың жақсы, тәжрибелі ұйымдастыру қабілеттілігінің нәтижесі болса керек. Ұжымның жан-жақты дамуы жолында аянбай еңбек ететін шынайы жанашырлықпен қызмет қылатын білікті мамандар қай кезде де лайықты бағасын алатыны ақиқат.
Алмас Сармантаев,
ГРЭ-23 аумағының ардагерлер кеңесінің төрағасы
ГРЭ-23 аумағының ардагерлер кеңесінің төрағасы