Сейітмұханбет Палжанов: «Қымыз тек кәсіп қана емес, ол – сауапты іс»
Саумалдың сан ауруға ем екені бесенеден белгілі. Оны тұтынушылардың да қатары жыл сайын артып келеді. Табиғи өнімге деген сұраныстың көптігі қуантады, бірақ кентімізде саумалды сауылған жерден ішер орынның болмағаны көңіл қынжылтатын. Ал енді бұл олқылықтың орны толды. Жақында кентімізде «Жаңа сауылған саумал мен қымызы қашанда әзір» кәсіптің бар екені жөніндегі ақпарат желдей есті. Мұны ести сала, қалам-қағазымызды сайлап, айтылған мекен-жайға беттедік. Қымыз бен саумалдың қасиетін жақсы білетін ақсақалдың бірі Сейітмұханбет Палжановпен сұқбаттасқан едік.
– Сейітмұханбет аға, алдымен қымыздың емдік қасиеттеріне тоқталып өтіңізші?
– «Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз», – деп жырлаған Ж.Жабаев атамыздың өлең жолдары біраз нәрсені аңғартып тұрғандай. Тіпті халық арасында қымыз қырық ауруға ем екендігін айта берсек те таусылмақ емес.
Сусынның түрлі ауруға дауа болатыны неміс, жапон ғалымдарының қызығушылығын оятып отыр. Одан адам денсаулығы және оның күтіміне қатысты түрлі косметикалық өнім, дәрілік препараттар жасауға болады. Әйтсе де жазық далада еркін жайылып өскен биенің сүті мен арнайы технология арқылы сүттен алынған өнімнің айырмашылығы бар екенін ғалымдар да жасырмайды. Өзге ел сусынды патенттеп алғанымен, қазақ қымызының дәміне жетпейтіні анық.
Қымызды терапиялық ем деп қарастыруға болады. Оның адам иммунитетін нығайтуда әсері мол. Асқазан, ішек құрылыстары мен бауыр ауруларына қарсы қолданылғанынан бөлек қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, инфаркт, инсульт және өзге де созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Жалпы қымыздың ең алғашқы емдік қасиеті туралы ақпарат грек тарихшысы Герадоттың жазбаларынан бастау алады. Дегенмен ол қымыздың емдік қасиеті бар екенін ғана айтып, дайындалуын құпия сақтауды жөн көрген. Ал француз саяхатшысы В.Рубринас несеп ауруларына дауа болатынын айтқан. Қазақ ғалымы Ш.Уалихановта осы аты жаман аурумен ауырып, емін қой еті мен бие сүтінен іздегенін бәрі біледі. Бір сөбен айтқанда барлық ауруларға ем болып келеді.
– Бұл кәсіпті қалай бастадыңыз? Осы турасында әңгімелеп беріңізші?
– Аталған кәсіпті бастағаныма 4 жылдай болды. Мен ауылда туып өскен соң төрт-түлікке жақын болдым. Бұл кәсіпке келуімнің басты себебі мені көптен бері асқазан ауруы қатты мазалап жүрді. Одан бөлек көршімінің баласы екі аяғынан жүріп-тұра алмады. Көпшіліктен бие сүтінің барлық ауруға пайдасы барын естідім. Сонымен қатар газет журналдардан қымыздың пайдасын оқыдым, зерттедім. Содан көп ойланбастан алдымен бір құлынды биені қолда ұстауды ұйғарып, Бала би ауылынан құлынды бие алып келдім. Сауған бойда жылы саумалды он күн үзбей іштім. Бірте-бірте денсаулығым түзеліп, асқазаным қалыпқа келіп, құлағым жақсы естіді. Көршімнің баласы да екі аяғынан аттай шауып кетті. Содан не керек биені көбейтсем деген қызығушылығым одан сайын арта түсті. Бүгінде қолда төрт бірдей бие байлап отырмын. Халқымыз «Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды» дейді емес пе? Кәсіптің қай түрі де берекелі. Тек ерінбей жасап, қиындығына көну керек. Әліптің артын бағып, нәтижесін күту маңызды. Бұл істің барлығы ұрпағымыз үшін. Біздікі бастап, жол көрсету. Әрі қарай балалар өздері іліп алып, кәсіпті дөңгелетеріне сенім мол. Себебі қазір дамыған заман. Кез келген өнімді сату үшін ғаламтормен де жақсы жұмыс істей білу қажет. Бұл олардың қолынан келеді.

– Қымызды қалай ашытасыз? Біздің білуімізше қымыздың төрт түрін ашытады деп естідік. Оны дайындаудың жолдары қандай?
– Менің ойымша, біздің қазақтың қымызы, ол – жол жөнекей келе жатқан кез келген адамның жасап, ішіп кете беретін сусыны емес. Оның бабы болуы керек. Мысалы, биеден сауылып алынған сүт жарты сағатқа дейін – бүкіл витаминдерін, табиғи құрамын, тағамдық құндылығын жоймаған саумал деп аталады. Одан кейін барып ол сүтке айналады. Арада екі-үш күн өткеннен кейін ғана ол ашып, қымыз болады. Әрине, қарап тұрып ашыған сүт пен пісіп, табиғи технология арқылы күбіде қозғалыста дайындалған айранның арасы жер мен көктей. Ал осы ашыған бие сүтін, яғни қымызды, тай қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз, бесті қымыз деп ашу градусына сай атай береді. Сауылғаннан 2 сағат асқанға дейін саумалдың ешқандай қасиеті жойылмайды екен. Құрамындағы сұйық оттегі әр жасушаға жетеді. Адам организміне тез сіңіп қана қоймай, түрлі асқазан жарасына, ісік ауруларына ем.

Біз қымыздың төрт түрін ашытамыз. Бірінші түріне бал қосамыз, екінші түрі ыстау ол арнайы емдік шөп арқылы жасалады. Мәселен, Жамбыл облысында «киік оты» деген дәмі ерекше шөппен, ал Арқа өңірінде тобылғымен ыстап жатады. Үшінші кептірілген сары өрік, төртінші түрі қара жүзімнің кептірілгені, кептірілген құйрық және сөк қосып жасаймыз. Дәмі мен қоса емдік қасиеті өте жоғары. Тапсырыс та көп түсіп отыр. Аллаға шүкір!
– Биені баптаудың сыры қалай?
– Жылқыға қандай азық беру керегі туралы дұрыс білмей тұрып ат баптау, мал басын көбейту мүмкін емес. Бір қарағанда шөп берумен жұмыс біткен сияқты көрінуі мүмкін. Тоя жесін деп алдына үйіп-төкпей, оларға қажетті азықты өлшеп, есептеп беру керек. Жылқы үшін ең табиғи азық – шөп пен пішен. Жануар баптауыңа қарай сүт береді. Қазақта «биебау», «бие сауым уақыт» деген ұғымдар бар. Биелер таңертеңнен бастап әр екі сағатта бір сауылады. Сауылып болғаннан кейін құлындарына қосып, азықтандырылады. Бір жарым сағаттан кейін құлындарын бөлек қораға қамап, биені 15-20 минут тынықтырып аламыз. Әдетте бір биеден әр жолы 400 миллиграмнан екі литрге дейін саумал алынады. Біздің үйдің саумалын құмартып, тұрақты түрде келетіндер бар. Алдын ала жазылып та қояды. Химия алатын, науқасы тым ауыр кісілер ішіп, тәуір болып, алғысын жаудырғанда төбеміз көкке бір елі ғана жетпей қалады. Шіркін, шынайы алғыстан артық не бар? Шаршағанымыздың бәрін осындайда ұмытып кетеміз ғой. Шағын кесесі – 350 теңге, сапар кесесі – 750, 1 литрін – 1400 теңгеден сатып жатырмыз.

– Жалпы сұраныс қалай?
– Кейде осынау ұлттық сусынды «Сары қымыз – ауруға дәрі қымыз» деп мақтауын асырып жатамыз. Алайда жұрт оның шын мәнінде де шипалы екендігін енді ұғына бастағандай. Әсіресе бие сүтін жаңа сауған саумал күйінде ем үшін пайдалану жаппай үрдіске айнала бастады. Саумалға күнделікті келетін, тұрақты тұтынушыларым бар. Өзіміздің аудан орталығынан көп келеді. Одан бөлек Алматы, Шымкент, Қызылорда қаласынан да кісілер арнайы тапсырыс беріп жатады. Қымыз тек кәсіп қана емес, ол – сауапты іс. Дерттіге шипа, ағзаға дәрумен. Қаншама жанға жәрдеміміз тиіп жатыр. Қандай ағарған болса да адал, таза болғаны дұрыс. Сонда ғана ішкен адам шынайы ризашылықпен батасын береді. Балаларыма үнемі «Алдыңа келген адамның жағдайына қара, жылы жүзбен, жұмсақ сөзбен қарсы алып, шығарып сал» деп үнемі айтып отырамын.

– Алдағы жоспарларыңызды бөліссеңіз?
– Алдағы уақытта осы кәсіпті жолға қойып, сауын бие санын көбейтуді көздеп отырмын.

Сұқбаттасқан Шапағат Тілеубай