Жауынгердің ерлігі елге мұра
Майдандағы ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран болып қалды. Қазақ халқы да сұрапылдан сырт қалған жоқ. Әкелеріміз бен аталарымыз намысын ту етіп, соғыс жылдарында өшпес ерлік, қаһармандық көрсетті. Соғыстың отты жылдарын бастан кешіріп, ажал тырнағынан аман қалған ерлер бейбіт еңбекке араласты. Солардың бірі – Уалихан Әубәкірұлы.
Ол 1922 жылы Қызылорда облысы, бұрынғы Сырдария ауданы, 1 Май ауылдық округінде дүниеге келген. Балалық шағы қарапайым шаруа отбасында қайнаған тіршілік ортасында өтеді. Елді колхоздастыру кезінде, 30 жылдарда белең алған ашаршылықтан аман сақтап қалуда ауылдастарымен бірге белсене жұмыс істеді. Отбасында бір әке, бір шешеден 1 ұл, 2 қыз болған. Міне, өзінің осындай өнегелі өмірімен ел-жұртына танылған Уәлихан Әубәкірұлы 1942 жылы 1 қаңтарда әскерге алынып, соғысқа аттанады.
Ол 1922 жылы Қызылорда облысы, бұрынғы Сырдария ауданы, 1 Май ауылдық округінде дүниеге келген. Балалық шағы қарапайым шаруа отбасында қайнаған тіршілік ортасында өтеді. Елді колхоздастыру кезінде, 30 жылдарда белең алған ашаршылықтан аман сақтап қалуда ауылдастарымен бірге белсене жұмыс істеді. Отбасында бір әке, бір шешеден 1 ұл, 2 қыз болған. Міне, өзінің осындай өнегелі өмірімен ел-жұртына танылған Уәлихан Әубәкірұлы 1942 жылы 1 қаңтарда әскерге алынып, соғысқа аттанады.
Ұлы Отан соғысы буыны қатпаған жасөспірімді ерте есейтті. Соғыс басталысымен майданға, Отан қорғауға аттанған У.Әубәкірұлы ұрыс даласына еніп кетеді. Әрі қарай қан майданда жаумен айқасты. Оқ пен оттың ортасында жүріп, жеңісті жақындатуға күш салды. «Өмірден көресіңді көрмей, көрге кірмейсің» дегендей қаншама қиындықтарды көріп, кінәсіз талай тепкі жеді. Тағдырдың қиындығына мойымай, қасқая тұрып, күресе білді. Кешірім беріп, амниссия алған соң елге келгенннен кейін жұбайы Палкүлмен тату-тәтті өмір сүреді. Отбасынан өрбіген 4 ұл 4 қызынан 23 немере 14 шөбере сүйді. Қанды қырғынды, аяусыз азапты көрген соғыс ардагері бейбіт күнге шүкіршілік етумен өмірден өтті.
«Өмір–өзен» демекші, жылдар өтсе де, ұлдары әкесінің берген тәрбиесін бойынан шығармай, бүгінде көпке үлгілі отбасы болып жүр. Ұлдарын «Ұят болады. Обал болады. Жаман болады» деген үш сөзбен тәрбиеледі. Осы тәрбиенің негізінде балалары саналы, тәрбиелі, жақсы маман иелері атанды. Үлкен ұлы Дихан «Шиелі сушар» өндірістік мекемесінің бастығы, ал Дархан бірнеше жыл күзет қызметінің бастығы болса, Өркен полиция қызметін аброймен атқарып, бүгінде еңбек демалысында. Ал Нүркен «Шиелі сушар» өндірістік мекемесінің қызметкері. «Жақсы әке – балаға қырық жыл азық» дегендей, балаларына, әсіресе қыздарға аса көңіл бөліп, олардың тәрбиесін өзі қадағалап отыратын. Тіпті олардың міндеттеріне де аса мән беретін. Сонымен қатар «Қыз бала үйде – алтын, жұмыста – күміс, тұрмыста – темір» деген өнегелі сөзді мысалға келтіріп, қыз баланың тәрбиесін басты назарда ұстап, ақылын байыпты сөзбен жеткізіп отырды.
Майданнан қаншама қиындық көріп, жарақат алып келсе де ол жатпай-тұрмай еңбек етті. Омарташылықпен айналысты. Белі қайысқанша кәсіп қылды. Ұлы Жеіске 77 жыл толуына орай майдангерге көше беріліп, ұрпақ алдында ерлігі ескерілді. Міне, осындай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерен ерлігі – өскелең ұрпақ үшін үлгі, өнеге. Отан үшін жан аямаған қарт майдангерлерге құрмет көрсету баршамыздың борышымыз. Өйткені олар бейбіт күн, жарқын болашақ үшін күресті. Өзі өмірден өтсе де, өшпестей үлгі-өнегесін қалдырды.
А.Асанов