Ерлік өшпес өнеге
«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген қанатты сөз бар қазақта. Сол айтқандай, саясына тығылғанды бауырына басып, жабырқағанды маңдайынан сипап, ізгілікке деген құштарлығын оятып отыратын кешегі әулие пейіл қарттардың көзін көргендердің де қатары сиреп бара жатқаны рас. Біз білетін Бекішов Әлмағамбет – жаны жайсаң жандардың бірі әрі бірегейі еді. Ол – туған елі мен жеріне, халқына адал еңбек етіп, әдемі қартая білген кісі.Қазақстан тәуелсіздігін алған тұста, жаңадан аяққа тұрған еліміздің алға қарай нық қадам басуына өз септігін тигізген өнегелі өмір иесі.
Әлмағамбет Бижанұлы 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Украина жерінде ел үшін шайқаста бірнеше рет жараланып, қан майданда алған жарақатына қарамастан соғыстың аяғына дейін жүреді. Ол елге оралғансоң 40 жылдан астам ұлағатты ұстаз, өнегелі істердің ұйытқысы бола білді.
Әлмағамбет Бижанұлы 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Украина жерінде ел үшін шайқаста бірнеше рет жараланып, қан майданда алған жарақатына қарамастан соғыстың аяғына дейін жүреді. Ол елге оралғансоң 40 жылдан астам ұлағатты ұстаз, өнегелі істердің ұйытқысы бола білді.
Әлмағамбет ұстаздың парасаттылығы мен терең білімділігі, шәкірттеріне деген ерекше құрметі өзгелерден шоқтығын биік көрсететін. Зейнетке шыққан соң Тартоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланып, ауыл басшылығымен тізе қосып бірге еңбек етті. Шешімін таппай жатқан көптеген мәселелердің оңынан шешілуіне ықпал етті. Тартоғай ауылына аяқсу тарту жұмыстарының басы қасынан табылған жанның бірі болатын.
Бүгінде ауыл халқы «Балтабай» каналының қазылуына мұрындық болған Ә.Бекішовты аузынан тастаған емес. Отты жылдардағы ойранды көзбен көріп, Ұлы Отан үшін күрескен майдангер елге келген соң Алла үйінің кірпішін қалауға білек сыбана кіріседі. Имандылық ұясы «Әбдімәулен» мешіті Әлмағанбет Бижанұлының табанды еңбегінің арқасында ашылған құтты мекеннің бірі.
«Ерлік өшпес өнеге» демеуші ма еді? Ал Әлмағамбет Бекішов қан майданда ғана емес, бейбіт күнде де ерлік дерлік талай іс бітірді. Отанын жаудан қорғаған батыр, ұлт тағдырын ойлаған ұстаз, қайырымдылыққа құштар жомарт жан болды. 2002 жылы мәңгілік сапарға аттанған майдангердің туған жері үшін төккен тері мәңгілік ұрпағының жадында сақталып қала бермек.
А.Асанов