Жеңіске құштар Жадыра
Атқарушы биліктің назарынан тыс қалған көмекке зәру, шарасыз қалған тағдыры қиын жандар мен отбасылардың басындағы ауыртпалықты жеңілдетуде, оларға қуаныш сыйлауда қайырымдылық қағидаттары негізінде амал жасап жүрген отандастарымыз, Құдайға шүкір, көбейіп келеді.
Өзгенің бақыты үшін алаңдау ізгілікті жанның бір сипатын білдірсе керек. Ал осындай адамдардың ортамызда көптеп кездесуі біздің имандылыққа негізделген қайырымды қоғам құруға бет бұрғанымызды көрсетеді. Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу қарға тамырлы қазақтың қанында бұрыннан бар жақсы қасиеттердің бірі. Ал, сол қасиетті жастайынан бойына сіңіріп өсу отбасындағы тәлім-тәрбиенің негізі. Бүгін біз сөз еткелі отырған Жадыра Нұрбаева жас та болса, жалын жігерімен жақсы істің басынан табылып жүр. Белсенді қыз Шиелі ауданаралық орталық емханасының әлеуметтік қызметкері және «Ел құрметі» қоғамдық қордың аға еріктісі.

Өткен жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында түрлі бағыт бойынша байқау өткен болатын. Сол байқаудың «қайырымдылық керуені» кезеңі бойынша осы күнге дейін атқарған қайырымды істері сарапқа салынған Жадыра жуырда «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атты төсбелгіні иеленді. Оның бұл жетістігін «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық ескеріп, марапатын арнайылап тапсырған болатын. Қоғамдық істерде қолынан келгенді аямайтын Жадыраның бұл алғашқы жеңісі емес. 2019 жылдың 4-5 қазанында Қарағанды қаласында алғаш рет «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ қолдауымен «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы «Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс және психология: даму, инновация және перспективалар» атты ауқымды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Аталған конференцияға 600-ден астам адам тәжірибе алмасу, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс пен психологияның өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды. Міне, сол тәжірибе алаңында Жадыра да білімін шыңдап қайтқан еді. Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін жас маман «Ел Құрметі» қоғамдық қордың белсендісі ретінде де уақыт тауып, үздіксіз жұмыс істеп келеді. Талап, мақсат, ізденіс бүгінгі жастарға қажетті қасиет. Ал, осының бәрін Ж.Нұрбаеваның бойынан табуға болады.
Маржан Сәдуақасова,
штаттан тыс тілші
штаттан тыс тілші