Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшет отырғыздыңыз ба?

Көшет отырғыздыңыз ба?

Көктемнің алғашқы айы да аяғына таяп қалды. Дәл осы уақыт бау-бақша, шаруашылық жұмыстарына кірісетін уақыт. Сауда орындары мен базар маңында жеміс ағаштары мен көшеттердің саудасы қызып-ақ тұр. Әдеттегідей бізде орталық базардағы көшет бағасын білмекке осында келдік.
Шағын базар ішіне енсең, ботаникалық бақ секілді. Бұнда көшеттің барлық түрі бар. Аяңдап ағаш көшетіне де келдік. Сонымен қатар, сатушылардың көбі көршілес Түркістан облысынан келген. Маусымдық жұмыс мұнда жылда жалғасады. Көшет сатуды 5 жылдан бері кәсіпке айналдырған түркістандық Гүлшахра Әкешовада бір алманың бірнеше сорты бар. Саудагердің айтуынша, жемістің, көкөністің барлық түрі өзге өңірлерден келеді. Мәселен, Шымкент облысы, Бірлік ауылынан алып келетін көшеттер кез келген жерге жерсініп кетеді. Көшеттер мен жеміс тұқымдарының бағасы да тұрақты. 400-500 теңгеден басталады. Бүгінде крепсон, абрикос, лимон, шабдалы алмұрт, өрік, айфар, жүзім ағаштары 500 тг болса, қызанақ, қияр, қарбыз, қауын тұқымдарының 1 ас қасығы 130-150 теңгеден сатылып жатыр. Бір байқағанымыз орталық базардың маңында да көшет алушылардың қатары жылдағыдан артқан.
– Ерте көктемнен көшет отырғызып, осында алып келеміз. Жергілікті халықтың сұранысына сай жұмыс істейміз. Жерсіну үшін топырағымен қоса аламыз. Алушыға да солай ұсынамыз. Базардағы жүк көліктеріндегі көшетті байқаған боларсыз. Бәрі де Түркістаннан келеді. Биыл көшет бағасы қымбат. Себебі, жол, жалға алған орын, еңбек бәрі де есепке кіреді. Біз көшеттің барынша бабын жасап өсіреміз. Ал, алушылардың көпшілігі ағаш ектім, шығады деп ойлайды. Анығында олай емес. Әр ағаштың өз күтімі бар. Сатып алушылар кейде жеміс ағашы алмай қалды деп бізге ренжіп жатады. Көшетті отырғызғанда, қалай егу керек екеніне мән бермейді. Тыңайтқыш себудің де құпиясы бар, – дейді сатушы.
Ағаш егудің қыр-сырын білетін аталар өнегесін осы көктем айында көруге болады. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расында бабалалар еккен ағашты бір күні балаларымыз сыйлайьынын ұмытпайық.

Шапағат ТІЛЕУБАЙ
28 наурыз 2022 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031