Күтімсіз көшет көгермейді
Күннің көзі қызып, тіршілігі жанданған уақытта аудан тұрғындары жаппай көшет отырғызуға кіріседі. Тіпті көктемдегі науқанды күтпей қыста көшет егуді бастап кеткен жағдайды да көз көрді.Жалпы көгалдандыру көшет отырғызумен ғана шектелмейді. Оны күтіп баптау, тамыр жайып жерсінгенін қадағалау маңызды. Бұл мақсатта өңірде көктем, күз мезгілдерінде сенбілік өткізіліп, көшет отырғызылады. Алайда көшет егу қарқынды жүргізілгенімен оның көктеп, бой түзеп кететіні анығын айтқанда аз.
Елімізде жыл сайын көшет отырғызу ауқымды түрде жүргізіледі. Бұл жұмыстар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін, тіпті жаңаша қарқын алып, тал егу акциялары көптеп өткізілуде. Ел Президенті өз Жолдауында көгалдандыру жұмыстарына байланысты «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады» деп өңір басшыларына ағаш отырғызуды ұйымдастыруды тапсырған болатын. Мәселен, Шиелі ауданында былтыр «Ағаш отырғызу күні» акциясында 1000 көшет отырғызылып, оған 95 адам қатысқан. Жаз айларында А.Яссауи, И.Әбдікәрімов көшелерінің бойына 2,5 мың түп ағаш көшеттері отырғызылған екен. Ал, 2019 жылы сәуір айында 1000 көшет егіліп, дәл осы И.Әбдікәрімов көшесі бойына 150 түп жеміс отырғызылған. Тіпті 2018 жылы бір ғана Шиелі ауданында 30 мың түп көшет егілген. «Осынша түп көшет егілгенде Шиелі қазір жасыл желекке оралған, экологиялық проблемалардан арылған шаһарға айналуы тиіс емес пе?» деген заңды сұрақ туады. Мүмкін біз ағашты егуін егіп, оның күтіміне мән бермейтін шығармыз? Ағаш күтімі жөнінде гидротехник Әлияр Сейітовтен сұрап көрдік.

– Біз әдетте жеміс ағаштарын көктемде отырғызып жатамыз. Бірақ, бұл мезгілде егілген көшет көп күтімді қажет етеді. Яғни, ағаштың тамыр жайып, жерсінуі үшін уақытылы суғару қажет. Әйтпесе, төккен тер еш кетеді. Ал бізде қалай? Аптасына бір-ақ рет су құйылады. Бұл дұрыс емес. Әрине бұл көктемде ағаш егуге болмайды деген сөз емес. Ең бастысы, күтім жасалса болғаны. Жеміс ағаштарын, жүзімді күзде отырғызса, көктемге дейін тамыр жайып, жерсінеді. Күтімді де қажет етпейді. Күзде егілген көшеттердің 99 проценті көгеріп, жеміс береді екен. Ағаш жерсіну үшін оны егуге алдын ала дайындап алу қажет. Биіктігі 1,2-1,5 м болатын жас ағаштарды таңдаған жөн. Тағы бір айта кетерлігі көбіне көшетті отын сияқты машинаға артып алып бара жатқанын байқаймыз. Ондай көшеттердің тамыры өліп қалады. Тамыры өлген көшет өне ме?! Негізінен көшеттің тамыры қара немесе қоңыр болса алмау керек. Тамыры ақ көшетті алған дұрыс. Тамыры қарайған көшет өнбейді. Ал, біздің жерімізге ең қолайлы ағаштарға мен үйеңкі, ясень, көк терек ағаштарын жатқызар едім. Себебі бұл ағаштардың көлеңкесі салқын, әрі су тапшылығына төзімді болып келеді.
Ал енді болашақта жоспарланған жұмыстарға тоқталайық. Облысымызда алдағы 5 жылда 60 миллион көшет отырғызу жоспарланған екен. Жоспарға сай өңірде жыл сайын 2,5 млн көшет отырғызылмақ. Сонымен қатар, елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру үшін 1 миллион ағаш көшет егіледі. Қала аумағанды егілген көшеттердің шығымдылығы қатаң бақылауда болмақ. Осы бақылауды қалада ғана емес аудандарда да жүргізсе деген ой бар. Себебі біздегі басты мәселе егілген көшеттердің уақытылы суғарылуында болып тұр. Мысалға Қызылорда қаласына кіре беріске егілген көшеттерге арнап арнайы су құбырлары жүргізілген. Табанды еңбектің арқасында құмды жерге де тал өніп, бірнеше жылда бұл аумақ жасыл желекке оранып шығатын секілді. Шиелінің жері одан анағұрлым құнарлы, жұмсақ. Бізге тек көшеттерді уақытылы суғарудың жолын тапсақ болғаны. Ол үшін Шиеліге кіре беріс екі жағалауға шие ағаштарын отырғызып, су жүйесін жүргізсе сырттан келген жұрттың да таңдай қағып, тамсанары сөзсіз. Ал бұл істі әкімдік емес кәсіпкердің қарауына беріп, сонымен бірге егілген ағаштың саны емес, өнген ағаштың санын көрсетсе дейміз. Алысқа бармай-ақ көршілес Түркістан облысындағы көгалдандыру жұмыстарын айтып өтейік. Түркістан облыс орталығы болғалы мұнда көгалдандыру жұмыстары ерекше қарқын алды. Мәселен, «Ахмет Ясауи» университетінің студенттері мен профессорлары ағаш күтімінің ерекше әдісін ойлап тауып, іс жүзінде қолдануда. Сондағысы егілген ағаштарды қамыспен орау арқылы оның ылғалын бойында ұзақ ұстап тұру әдісі. Біздің «Қорқыт Ата» мен «Болашақ» университеттерінде де тәжірибелі профессорлар аз емес. Әкімдік олармен біріге отырып жұмыс жасаса, өнертабысына қолдау білдірсе екі тарапта ұтылмас еді. Міне осы жұмыстар орындалса киелі мекеннің жасыл желекке оранған күйін көру көп күттірмейді.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ