Базар бағасы қалтаға қонымды ма?
Киім бүтін, тамақ тоқ, бірақ ақша жетпейді. Иә, қазіргідей кеңшілік заманда қарын тойдыру мәселе емес. Бірақ айлығыңның шайлығыңнан асып тұрғанына не жетсін?
Дәл қазір базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы қызған шақ. Ала жаздай егін еккен диқан қауымының биыл ырзық-несібесі жылдағыдан кем емес. Соған сәйкес, бақша дақылдары, жеміс-жидек пен көкөністің бағасы біршама төмендеген. Мәселен, пияздың келісі 80, сәбіз 100-130, картоп 100-120, орамжапырақ – 100-150, тауық еті – 750-800 теңгенің көлемінде саудалануда. Десе де, базар бағасы тұрақты емес. Өткен жылы сиыр етінің 1 келісін 1450 теңгеден алған болсақ, қазір оның келісі 1800-дің үстіне шықты. Айтпақшы, базарда бөлке нан 65 теңгеден сатылып жатыр. Ал Қ.Яссауи көшесінің бойындағы «Береке» сауда үйінен 60 теңгеге алуға болады. Ең қызығы күріштің отаны саналатын ауданымызда оның бағасы шарықтап тұр. Базарда 380 теңгеден кем түспейтін Сыр салысын тұрғындар диірмен басынан 260-300 теңгеден алып жатқанын байқадық. Жалпы азық-түлік тауарларының құны былтырғы жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда әжептеуір өскен.
Базар бағасына қатысты өзге де ақпараттармен танысып, қоғамдағы пікірді білгіңіз келсе, газеттің келесі нөмірін жіберіп алмаңыз.