Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Базар бағасы бақылауда

Базар бағасы бақылауда

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін және бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбекақысын орта есеппен 35 пайызға өсіруді тапсырған болатын. Одан бөлек зейнетақыға қосылатын жыл сайынғы 7 пайыздық мөлшерлеме тағы бар.Көпшілік жыл басталғалы жалақысын алып үлгермесе де ұлғайған зейнетақысына қарық болып, қуанып қалды. Қуанды дейміз-ау, жұрттың қуанышынан «базардағы баға қалай болар екен» деген алаңдауы басым. «Жалақы өссе, базар көркі» деп әріптестеріміз айтқандай, жалақы мен зейнетақыға үстеме қосылды дегеннен бас­тап, базар бағамы шарықтап кететін баяғыдан әдеті емес пе?
Осы орайда қайнаған қызу тіршіліктің ортасыныңдағы жағдайды білуге бекіндік. Алдымен, бұған жауапты ауылшаруашылығы бөліміне хабарласып, берген мәліметіне көз жүгірттік.
Шынында, өткен жылға қарағанда айтарлықтай айырмашылық байқамадық. Көзге түскені өсімдік майы мен қант құнының көтерілгені болды. Атап айтсақ, бізге берілген мәліметте көрсетілгендей өсімдік майының 1 литрін – 350-400 теңгеге алуға болады. Дегенмен, сапасына қарай базар орталығындағы дүкендерден 450 теңгеге дейін кездестіріп жүрміз. Ал, қант бағасы өткен жылы 220 теңгеден болса, биыл орта есеппен 250 теңгеге тұрақтап тұр. Нан бағасы баяғыша – 65 теңге, картоп – 90, сәбіз – 80-100, қырыққабат – 120-150, пияз – 80, тауық еті – 700, қарақұмық – 180 теңгеден сатылуда. Жұмыртқа баяғы әдетінше қыс басталғаннан дүкен сөрелерінде 28-32 теңгеден түспей тұр. Алманы түрі мен түсіне қарай 200 теңгеден бастап 400 теңгеге дейін алуға болады. Науқаны болмаған соң қызанақ пен қиярдың 800 тегеге тұрақтап тұрғанын қалыпты деп қабылдадық. Міне, өздеріңіз байқағандай, әзірге анау айтқан қымбатшылық байқалып тұрған жоқ. Лайым солай болғай.
Айтпақшы, біраздан бері жұрттың тек түсіне ғана кіріп жүрген ет енді тісіне де кіруі мүмкін. Бұлай деуімізге негіз бар. Бұған дейін құнын 1450 теңгеден түсірмей тұрған «астың төресі» 1250 теңгеге сатыла бастады. Бұған басты себеп – кентте ет сататын орындар санының артып, бәсекенің пайда болғаны.
Біз саралаған базар бағамы қысқаша осылай. Байқағандарыңыздай назарларыңызға тек күнделікті пайдалатын азық-түліктің бағасын көрсетуге тырыстық. Алдағы уақытта базардағы ас-суымыздың сапасы мен тазалығына кеңірек тоқталатын боламыз.

Гүлхан ЯХИЯ.
15 қаңтар 2019 ж. 1 099 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930