Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау және жұртшылық

Жолдау және жұртшылық

Ел дамуын, экономикасы мен тұрмыс сапасын арттыру мақсатында Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты тарихи құжатты жариялаған болатын. Бүгінде рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, бәсекеге қабілетті, дамыған отыз елмен терезе теңестіруді мақсат етіп отырмыз. Осы орайда Ақмая ауылдық кітапхананың кітапханашысы М.Кенебекова оқырмандарға Елбасының Жолдауын кеңінен түсіндірді.Заман талабына сай тұлға болу үшін бірінші білім қажет. Күнделікті бос уақытын кітапхана ішінде, қазақ және шет ел әдебиеттері мен тылсым дүниенің қыр-сырын ашатын ғылыми кітаптарды оқуға сарп еткен оқырманның өз ортасынан озық шығатыны айқын. Елбасының жаңа Жолдауын оқырманға жеткізген кітапханашы «Халық табысының артуын басты назарға алған Мемлекет басшысы 2019 жылдың 1 қаңтар­­ынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Сонымен қатар, «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеуді де күн тәртібіне қойды. Яғни, халықтың тұрмысын түзеп, әлеуетін жақсарту жолында атқарылар істің бағыт-бағдары айқын» – деді. Ауыл тұрғындары мен кітап сүйер қауымның басын біріктірген шарада тарихи құжаттың маңыздылығы сөз етіліп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

«Өскен өңір» ақпарат.
27 қараша 2018 ж. 1 690 0