Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына ықпалы көп Жолдау

Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына ықпалы көп Жолдау


Елбасы халыққа кезекті Жолдауын әрбір Қазақстандық жыл сайын асыға күтеді. Елбасы Жолдауда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбында, халықтың әл-ауқатын ең алдымен табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты айқын бағыттар ұсынды.
Осы орайда Жолдаудағы қуантарлық жаңалық, Елбасы біріншіден, үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни, 28 мыңнан бас­тап 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Біздің ауданымыздағы бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 12630 адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 9687 жұмыскердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35% өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек екендігі баса айтылды.
Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске қостық. Бағдарламаның қолдану мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керектігі айтылды.
Бизнесте өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жүргізуге кірісуді тапсырды.
Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард бөлуді тапсыру да Елбасының назарынан тыс қалмады.
Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысты толық іске асыру мақсатында негізгі міндет- еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастыру қажет. Елбасы үкіметке алдағы 3 жылдың ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырды.
Ауданда ауыл шаруашылығының басты бөлігі күріш өсіру. 2017 жылы 671543,5 центнер күріш, 19579,7 центнер бидай жиналды. Орта өнім 57 центнер гектарына болды, ал, биылғы жылы Шиелі ауданында 12627 гектарға күріш егілді. Ауыл шаруашылығына үкімет тарапынан көптеген жеңілдіктер берілуде.
Күріш өнімін арттыру мақсатында, жаңа техникаларды алуда ауданда ілгерілеу бар. Комбайн, тракторларды жаңадан шаруашылықтар жеңілдікті пайдалана отырып алуда.
Әрбір Қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.
Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.


Нажемидин Қалыбаева,
аудандық статистика басқармасының
басшысы.
03 қараша 2018 ж. 2 568 0

Қоғам

СПОРТШЫЛАРҒА ІЛТИПАТ
25 қараша 2024 ж. 13

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930