Ортақ мақсатқа жұмылу – алға бастайды
Қазақстандықтар Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауын қалт жібермей зерделей отырып, санада сіңіріп, көкірекке түйді деп ойлаймын. Жаңа Жолдаудың ерекшелігі – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыруға нақты бағытталған. Ол – дамудың жаңа талаптарына бейімделген қазақстандықтардың пәрменді әл-ауқаты. Жолдаудың басты басымдығы – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Әсіресе, «Халық табысының өсуі» атты бірінші басымдығындағы ең төменгі жалақының 1,5 есеге көбеюі және оның барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың барлығын қамтитындығы, сондай-ақ ең төменгі жалақының күнкөріс шегіне байланысты болмайтындығы әрбір қазақстандықтың табысының өсуінің кепілі болып табылмақ. Сонымен қатар, Президент халық күнделікті тұтынатын тауарларды ішкі нарықта өндіру тұрғысынан «қарапайым заттар экономикасы» ұғымын алға тартты. Елбасы Жолдауының басым тұсы – ел-халықтың тұрмыс сапасын арттыруға арналды. «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» басымдығында өңір басшыларына жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесі тұрмысын жаңа ғана бастаған, жинаққоры жоқ жастарға, жас мамандарға қолдау болатыны сөзсіз.
Елбасы өзі атап көрсеткендей, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің мәнін әрбір қазақстандық жете түсінуі керек және қоғамымызды ортақ мақсатқа жұмылдыра білуіміз қажет.
Патима МАХАНБЕТ,
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық
филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.
Елбасы өзі атап көрсеткендей, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің мәнін әрбір қазақстандық жете түсінуі керек және қоғамымызды ортақ мақсатқа жұмылдыра білуіміз қажет.
Патима МАХАНБЕТ,
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық
филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.