Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауға қолдау

Жолдауға қолдау

СЕРІК СЕРМАҒАМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
2018 жылдың 5 қазанындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын қазірде жүзеге асырылып жатқан, Елбасының бұрынғы ұсынған бағдарламаларының жалғасы ретінде, көтерілген мәселелерді шешуді пысықтаған құжат деп қабылдауымыз қажет.
Жолдаудағы барлық міндеттемелер жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік қорғалуына бағытталған кәсіподақтардың қызметімен тығыз ұштасады.
Үкіметке берілген тапсырма бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсуін жұмыскерлер қуанышпен қабылдады, бұл өз кезегінде еңбек өнімділігіне серпін берері анық.
Ең төменгі жалақының күнкөріс шегіне байланысты болмауы нақты қадамы арқылы еңбек ресурсының тиімділігін арттыратын көрсеткішке қол жетеді.
Елбасының Жолдауы «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын» құруға бағытталған, көптен шешімін күткен өзекті мәселелерді орындауға, әлеуметтік мәселелерді шешуге сенімді бағдар болып табылатындығы айқын.



13 қазан 2018 ж. 1 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031