Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БОЛАШАҚҚА БЕРІК ҚАДАМ

БОЛАШАҚҚА БЕРІК ҚАДАМ

БОЛАШАҚҚА БЕРІК ҚАДАМ


Елбасы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылы атқарылатын жұмыстар жөнінде бағдар беріп, сол атқарылатын жұмыстарды уақытылы, нәтижелі орындауға тапсырма берді. Елбасы өз сөзінде: Осы жолдауда халық табысының өсуіне байланысты Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсуі тиіс.Бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейтіп, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалау, бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу туралы Елбасының тапсырмасы халыққа әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды.
Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленіп, қабылданатынын айта кетті. 2019 жыл «Жастар жылы» болып аталатыны да Елбасының жастар саясатын жоғары қоя білетінін және әрдайым өз назарында ұстайтындығын көрсетеді.
Мен Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауын қолдаймын. Елбасының Жолдаулары арқылы еліміздің саясаттағы сара жолын бағдарлап, жететін жетістіктерімізді белгілеп отыратынын білемін. Сол жетістіктерге жету жолындағы төгілген маңдай теріміз, ерен еңбегіміз арқылы еліміз 2050 жылы әлемдегі озық 30 елдің қатарына кіретініне толық сенімдімін.

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған
аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
13 қазан 2018 ж. 1 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930