Спортқа келіп жатқан жастар көп-боксшы Барлық құқықтар қорғалған.
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауына Сыр жұртшылығы үлкен қолдау білдіріп отыр. Солардың бірі - бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев маңызды құжатта еліміздің болашағы үшін көптеген маңызды мәселелер қамтылғаны туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауында көптеген мәселелер қамтылды. Атап айтқанда, экономикада бәсекелестікті дамыту, бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыру, экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесін экономикалық саясаттың негізгі элементі ретінде санау және өзге де мәселелер жөнінде кеңінен тоқталып өтті», - деді ол. Сондай-ақ, Қамшыбек Қоңқабаев ҚР Президенті жыл сайынғы Жолдауларында дене шынықтыру мен спорт саласын назардан тыс қалдырып жүрмегенін атады. «Спорт - жарқын болашақ кепілі. Қазақстан спорты жыл сайын қарыштап дамып келеді. Осының арқасында біз - спортшылар жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрміз. Көптеген спорт нысандары салынып, спортқа келіп жатқан жастардың саны артуда, - деді Қ. Қоңқабаев. Айта кетейік, Қызылорда облысында спорт нысандарына халықтың қолжетімділігін арттыру мақсатында биыл 7 елді мекенде спорт кешендері пайдалануға берілді.