Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың орташа жалақысы 1 жылда 9,3 пайызға артқан

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 1 жылда 9,3 пайызға артқан


Қазақстандықтардың орташа жалақысы 1 жылда 9,3 пайызға, ал сатып алу мүмкіншілігі 3,1 пайызға артқан. Мемлекет бойынша орташадан жоғары жалақыны екі мұнайлы өңір мен Астана, Алматы тұрғындары алады екен.

ÒазаÒÑÑандÑÒÑаÑдÑÒ£ оÑÑаÑа жалаÒÑÑÑ 1 жÑлда 9,3 пайÑзÒа аÑÑÒан

Бұл туралы finprom.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Биылғы жылдың ІІІ тоқсанының соңында орташа жалақы мөлшері 161,8 теңгені құрады. Яғни бір жылда 9,3 пайызға артқан.
Сонымен қатар ағымдағы жылы нақты жалақының индексі 103,1 пайызды көрсетті және сатып алу мүмкіншілігінің жоғарылағаны байқалады. 2017 жылы жалақының нақты бағалылығы инфляция салдарынан 2 пайызға төмендеген еді.

2018 жылдың ІІІ тоқсанының соңында орташа жалақының ең жоғары мөлшері Атырау облысында байқалады: 310 мың теңге. Бұл былтырғы жылғыдан қарағанда 12,6 пайызға жоғары.

Екінші орынға Маңғыстау облысы 273,2 мың теңге көрсеткішпен тіркелді. Мұнда орташа жалақы мөлшері 4,8 пайызға артыпты.
Ал орташа жалақы мөлшері жоғары өңірлердің үштігін Астана қаласы аяқтап тұр. Мұнда орташа жалақы 240,7 мың теңге, бір жылда 8,1 пайызға артқан.

Орташа жалақы мөлшері ең төмен өңірлердің үштігіне Түркістан облысы (98,8 мың теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (110,9 мың теңге) және Жамбыл облысы (111 мың теңге) кірді.

Ал орташа жалақы мөлшері ең көп артқан өңірлердің үштігіне Батыс Қазақстан облысы (16,4%), Жамбыл облысы (13,2%) және Атырау облысы (12,6%) енді.

Stan.kz 
08 желтоқсан 2018 ж. 1 067 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031