Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы өседі

Қазақстанда 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы өседі


 Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова келер жылдан бастап ынтымақты зейнетақының қанша пайызға артанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің сөзінше, биылғы жылы инденсация 9%-бен жүргізілген екен.
"Қазақстанда жыл сайын зейнетақы индексациясы жүргізіледі. Мысалы биыл біз индексацияны 9%-бен жүргізсек, келесі жылдың қаңтарында инфляция деңгейіне 2% қосып, индексация жасамақпыз", - дейді ведомство басшысы.
Сонымен бірге, министр еліміздегі орташа зейнетақы мөлшерінің қанша екенін айтты.
"Биыл базалық зейнетақының жаңа үлгісі енгізілді. Оған сәйкес, базалық зейнетақсы 67%-ға өсті. Ондай қариялардың саны 1 миллионнан астам. Негізі Қазақстандағы зейнетақы мөлшері ТМД елдеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Зейнетақының орташа мөлшері 101 мың теңгені құрайды", - дейді министр.
30 қыркүйек 2018 ж. 1 334 0