ЖАЛАҚЫСЫ МОЛ САЛАЛАР АНЫҚТАЛДЫ
Ұлттық экономика министрлігі кеше «Қазақстандағы жұмыс күшінің қозғалысы туралы» есебін жария етті. Бұл жерде әңгіме еңбеккерлердің саяси не қоғамдық қозғалысы жайында емес, олардың бір жұмыстан екіншісіне орын ауыстыруы турасында болып отыр.
Сондай-ақ ел экономикасына жауапты бас орган еліміздің тек ірі және орташа компаниялардағы жағдайды талдаған.
Министрліктің дерегінше, биылғы жылдың екінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 209,3 мың адам жұмысқа қабылданды. Сонымен, бір мезгілде түрлі себептермен 216,3 мың адам жұмыстан кеткен. Яғни, жұмысқа тұрғандарға қарағанда, орнын босатқандар қатары көбірек.
«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында 77,1 пайызының бұл қадамына кадрлардың тұрақтамауы себеп болған. Персоналдың қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 3,6 пайызы, басқа себептер бойынша – 19,3 пайызы жұмыстан босатылған. Екінші тоқсанның соңына қарай ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарда 31,4 мың бос жұмыс орын мәлімделді» деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.
Бұл ретте мамандар «кадрлардың тұрақтамауы» немесе «тұрақсыздық» қатарына өз қалауымен кеткендерді, негізсіз себеппен жұмысқа көп уақыт шықпағаны, техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қуылғандарды жатқызады. «Тұрақсыздық себептеріне еңбек тәртібін бұзуына байланысты және өз еріктері бойынша босатылғандар жатады» деп түсіндірді министрлік.
2018 жылғы екінші тоқсанда Қазақстан көлемінде «қабылдау бойынша айналым коэффициенті 7,6 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,8 пайызды, ал жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 6 пайызды құрады. Осы кезеңде кеткен жұмыс күшінің орнын қайта қабылданған кадрлардың басуы коэффициенті небары 96,8% болды.
Экономика ведомствосы кадрлардың бір жұмыс орнында байыз тауып, тұрақтамау үрдісі қай өңірлерде күштірек жүріп жатқанын да анықтады. Мәселен, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті бойынша бірінші орында Алматы қаласы тұр, онда бұл көрсеткіш 8,6 пайызға тең. Екінші тұғырға 8,3% көрсеткішімен Қостанай облысы көтерілді. Үштікті Астана қаласы (7,6%) тұйықтайды. Өзге өңірлердің көрсеткіштері келесідей: Ақмола облысында – 7,1%, Атырау облысында – 6,8%, Павлодар облысында –6,6%, БҚО-да 6,4%, Шымкент қаласында – 6,1%, ШҚО-да – 5,8%, Қарағанды облысында – 5,3%, СҚО-да – 5,2%, Ақтөбе облысында – 5,1%, Алматы облысында 4,6%, Жамбыл облысында – 3,8%, Маңғыстау облысында – 3,7%, Қызылорда облысында – 2,4%, Түркістан облысында небары 1,9%.
Экономика министрлігінің ресми мәліметі бойынша, сәуір-маусым айларында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 162 мың 751 теңгені құрады. Яғни, осы сомадан жоғары алатындардың айлығы «жақсы», ал одан төмен алатындардың жалақысы «орташаға да жетпейді» деп саналады.
Ведомство елімізде қандай салаларда жоғары жалақы төленетінін де айтты.
– Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 335,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге көп), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 273,2 мың теңге (1,7 есеге артық), өнеркәсіп саласында – 224,7 мың теңге (1,4 есе), ақпарат және байланыс саласында – 238,4 мың теңге (1,5 есе), құрылыс саласында – 212,8 мың теңге (1,3 есе). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 42,4%-ға төмен, – дейді министрлік.
Оның мәліметінше, өңірлер арасында 2018 жылғы ІІ тоқсандағы ең жоғарғы жалақы Атырау облысында (291,3 мың теңге) қалыптасты, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге үлкен. Екінші орында Маңғыстау тұр (267,8 мың теңге). Үшінші орынды Астана қаласы иеленді (241,2 мың теңге). Алматы қаласы 204,7 мың теңге орташа жалақы көлемімен төртінші орынды місе тұтқан көрінеді.
Жамбыл облысында орташа жалақы шамасы 111,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,7% пайызға төмен. Оның қатарынан орын алған Түркістан облысында орташа жалақы 111,2 мың теңгені, ал Солтүстік Қазақстан облысында 113,3 мың теңгені құрап отыр. Басқа өңірлерде жалақы бұлардан сәл ғана жоғары.
Айхан ШӘРІП