Қышыма қотыр ауруының алдын алыңыз

Тері ауруларының бір жұқпалы түрі —қышыма қотыр ауруы. Оны тарататын қоздырғыш — қышыма қотыр кенесі. Ол адамның терісіне жұққан бойда өзіне орын «қаза» бастайды. Қышыманың алғашқы белгілері: дененің кей тұсы бой бермей дуылдап қышиды, теріде түрлі түйіншектер, көпіршектер, қанды қабыршақтар байқалады.Мұндай жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек. Одан сақтанудың ең басты жолы — тазалық. Біреудің киімін киюден аулақ болған жөн. Қышыма қотыры бар адамауруханаға жатпай, үйде емделген жағдайда оның төсек-орны, тұтынатын заттарын оқшаулаған жөн.Науқас тұтынатын заттардыкір жуатын ұнтақ қосылған, сақылдап қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып, жуу керек. Қышыма қотырмен күресте дәрігерге уақытында көріну де, дер кезінде тыңғылықты емделу де, науқастың тұтынған заттарындағы паразиттің көзін жою да маңызды.
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қышыманы жұқтырудың алдын алу үшін мынадай қарапайым жалпы гигиеналық қағидаларды орындауды ұсынады:
аптасына кемінде бір-екі рет жуыну;
тек жеке гигиена құралдарын пайдалану және басқа адамдармен жеке заттарды айырбастамау;
көшеден үйге оралған соң міндетті түрде қолды сабындап жуу;
жаңа киім, төсек-орын және іш киім сатып алғаннан кейін оларды міндетті түрде жуып, ыстық үтікпен үтіктеңіз;
орамал, төсек-орын және іш киімді жиі ыстық сумен жуу, міндетті түрде ыстық үтікпен үтіктеу;
үй жануарларымен байланыста болғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
қаңғыбас жануарлармен байланыста болмау;
мысықтар мен иттерді сатып алғанда, жануарда аурудың болмауы және саңырауқұлақ ауруларына қарсы вакцинациялау үшін ветеринармен кеңесу қажет;
шаштараздарға, спорт залдарына барғаннан кейін міндетті түрде душ қабылдау немесе моншаға бару.
Қышыма қотыр ауруының белгісін байқап, күдiктенсеңізе дереу терi аурулары дәрiгеріне көрiнңіз.
Дәрiгерге дер кезінде қаралу – ауруды айналасындағы адамдарға жұқтырмауға, қышыманың таралмауын және одан тез сауығуын қамтамасыз етедi.
Орлибай Айдаралиев
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы