Бал мен даршынның пайдасы
Бал да, даршын да өте пайдалы тағамдар. Ал олардың қосындысы одан да пайдалы. Өйткені бал мен даршынды байланыстыра отырып көптеген аурудың алдын алуға болады. Мысалы төмендегідей: Жүрек аурулары. Күн сайын нанға бал жағып, оның үстіне аздап даршын салып жеңіз. Ол қаныңыздағы холестирин мөлшерін азайтып, жүрек бұлшық еттерін қатайтады. Әлсіздік. Балдың құрамындағы қант ерекше күш-қуат береді. Оны даршынмен қатар қолданатын адамдардың көңіл-күйі күні бойы көтеріңкі жүреді. Сондықтан күн сайын таңертең аш қарынға шай қасық бал мен даршынды бір стақан суға араластырып ішіңіз. Буын қабынуы. Егер бұл ауру маза бермей жүрсе, күнделікті 1 стақан жылы суға 2 ас қасық бал және 1 шай қасық даршын қосып ішіңіз. Өйткені ол сіздегі созылмалы артритті де қойдырады. Холестерин. Бар болғаны 2 ас қасық бал мен 3 шай қасық даршынды суға араластырып ішсеңіз болды. 2 сағаттың ішінде холестирин мөлшері 10% азайып, нәтижесін көресіз. Бұл қоспаны күнделікті қабылдасаңыз, холестериніңіз қалыпты күйге келеді. Иммунитет. Бұл тағамдарды күнделікті тұтынып жүрсеңіз, өзіңізді бактериялар мен вирустардан қорғай аласыз. Шаштың түсуі. Басыңыздан шашыңыз түссе, тамырына 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық даршын жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз. Терідегі аурулар. Қышыма, қотыр секілді тері ауруларыңыз болса, бал мен даршынды араластырып жағыңыз. Асқазанның ас қорыта алмауы. Ас ішер алдында 2 ас қасық бал мен 1 шай қасық даршынды қабылдаңыз. Бұл қоспа сізге ең ауыр тамақты да қорытады.
Massaget.kz
Massaget.kz