Тілше сарымсақ – жұқпалы аурудың алдын алады
Ежелгі жауынгерлер шайқас алдында қанды қыздыру үшін және алпауыт күшке ие болу үшін міндетті түрде бір бас сарымсақ жейтін болған. Сарымсақты түрлі ауруларды емдейтін дәрі ретінде қолданған. Қазіргі кезде ол кең тараған бақша өсімдігі, оны емдік және дәмдік қасиеттері үшін бағалайды. Сарымсақ өсу кезінде тілшелер шығарады, ол да сарымсақтың басы секілді пайдалы қасиеттерге ие. Осы тілше сарымсақтардан да түрлі тағамдар дайындайды. Медицинада сарымсақ басынан дайындалатын құралдар бар екені белгілі. Мысалы: тұнба, спиртті сығынды және т.б. Оның тілше түрлері де сарымсақтың барлық қасиеттеріне ие болғандықтан, ішектердегі ашу мен бұзылу процестерін басуға және гипертония мен атеросклерозды емдеуге көмектесу үшін береді. Сарымсақ ішектегі паразиттермен күресуге және жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қолданылады. Емдеуде нәтижеге жету үшін күніне дайындалған тілше сарымсақтың аздаған мөлшерін жеу керек. Мысалы, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тілше сарымсақты күнделікті тағамға қосудың өзі де жеткілікті. Сарымсақтың жасыл тілшелері мерзімде екі апта бойы ғана шығады. Сондықтан, онымен балғын түрінде емделу мүмкін емес десе де болады. Алайда молынан дайындалып қойылған түрі де дәрумендердің жақсы көзі және емдік құрал ретінде пайдаға асады. Бүйрек, өт қабына тас байлану, қан аздық, асқазан немесе ішектер жарасы аурулары бар адамдарға сарымсақпен емделу кезінде абай болуы керек. Себебі, сарымсақтың өткір әсері ауруды асқындыруы мүмкін. Үйде тілше сарымсақты қалай дайындау керек? Қуырылған тілше сарымсақ. Тілше сарымсақты дайындаудың кең тараған түрі - оны дәмдеуіштермен майда қуыру. Қажетті өнімдер: - 500-600 г тілше сарымсақ (балғын немесе тоңазытқышта сақталған); - 4 ас қасық өсімдік майы; - дәміне қарай тұз және дәмдеуіштер. Дайындалуы: Тілше сарымсақты жуып, майлыққа кептіріп, ұзындығы шамамен 5 см болатындай етіп тураңыз. Табаға май құйып, ол қызған соң тілше сарымсақты 4-5 минут қуырыңыз. Оған аздап соя тұздығын құйыңыз және дәміне қарай дәмдеуіштер салыңыз. Әдемілік үшін түрлі түсті болгар бұрышын турап салуға болады. Барлығын араластырып, қақпағын жауып, орташа отта дайын болғанша бұқтырыңыз. Ол "шала піскен" кезде дайын болады. Сол кезде оның пайдалы қасиеттері сақталады. Томаттағы тілше сарымсақ . Томатта қуырылған тілше сарымсақ дәмді, жұмсақ және ащы болып шығады. Қажетті өнімдер: - 0,5 кг тілше сарымсақ; - 5 ас қасық өсімдік майы; - томат пастасы, тұз және дәмдеуіштер. Дайындалуы: Қыздырылған майға тілше сарымсақты қуырамыз. Егер ол жас немесе жаңа кесілген болса, одан шырыны шығу керек. Қуырған кезде шырын шықпаса, аздап су құйыңыз. Сарымсақ мөлдір болғанша, сол суда бұқтырыңыз. Содан соң оған томат пастасы мен дәмдеуіштерді қосып, аз уақыт тағы отта ұстау керек. Көкөністермен қуырылған тілше сарымсақ Қажетті өнімдер: - 0,5 кг тілше сарымсақ; - 2 сәбіз; - 2 пияз; - 7 ас қасық өсімдік майы; - дәміне қарай тұз бен дәмдеуіштер. Дайындалуы: Пиязды жарты сақина етіп тураймыз, ал сәбізді үккіштің ірі көзінен өткіземіз. Оларды майда 10 минут бұқтырамыз. Жуылған тілше сарымсақты 5-7 см етіп турап, табаға салып, дәмдеуіштер қосып, жартылай дайын болғанша пісіреміз. Асқабақ езбе-сорпасы. Тілше сарымсақ қосылған сорпа-пюре жұмсақ әрі нәзік болады. Қажетті өнімдер: - 0,5 стақан тілше сарымсақ; - 1 пияз; - 1 ас қасық зәйтүн майы; - 2 сарымсақ; - 1 кг асқабақ; - 6,5 стақан көкөніс сорпасы; - 2 шай қасық кептірілген жебіршөп; - 2 ас қасық соя тұздығы; - аздап қара бұрыш. Дайындалуы: Кәстрөлге зәйтүн майын қыздырып, оған туралған пиязды, тілше сарымсақты салып, жұмсарғанша 6 минут бұқтырамыз. Содан соң ұсақталған сарымсақ, ұсақ төртбұрышты етіп туралған асқабақ, көкөніс сорпасы, жебіршөп және қара бұрыш салып, қайнағанша ұстаймыз. Оны асқабақ жұмсарғанша 30 минуттай қайнатамыз. Оған соя тұздығын құйып, отты сөндіріп, сорпа суығанша күтеміз. Содан соң блендермен оны езбеге айналдырамыз. Сорпаны тоңазытқышта бірнеше күн сақтауға болады. Оны ысытып ұсынады. Дәруменді тұздық Тілше сарымсақты жуып, еттартқыштан өткізу керек. Оған аздап тұз қосып, контейнерге салып, мұздатқышқа салып қоясыз. Оны кез келген тағамға, әсіресе етке, балыққа тұздық ретінде қолданады. Оны көкөністерді қуырған кезде қосуға болады. Сонымен қатар, оны өсімдік майымен араластырып, нанға жағып жеуге де болады. Тілше сарымсақты қысқа қалай маринадтауға болады? Қажетті өнімдер: - 300 г тілше сарымсақ; - 1 стақан сірке суы; - 1 стақан су; - 1,5 ас қасық қант; - 3 ас қасық тұз; - 3 лавр жапырағы; - 10 г қара бұрыш; - 3 г даршын. Дайындалуы: Тілше сарымсақты қайнаған сумен жидітіп алу керек. Содан соң оны құтыға салып, ыстық тұздық құямыз. Қақпағын жауып, 3 аптадан соң ашуға болады. Сарымсақ инеліктерін қысқа сақтау үшін оларды көп мөлшерде алып, бөліктерге турап, пакеттерге немесе контейнерлерге салып, тоңазытқышта сақтайды.
Massaget.kz