Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЙ ӨҢІР АҚШАНЫ КӨП ЖҰМСАЙДЫ?

ҚАЙ ӨҢІР АҚШАНЫ КӨП ЖҰМСАЙДЫ?


2017 жылдың соңғы тоқсанында тұрғындардың азық-түлікке арналған орташа шығыны 145,6 мың теңге болды. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 пайыз көп (132,5 мың теңге), деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.
Шығындардың өсімі Жамбыл облысында тіркелді. Жамбылдықтар 92,6 мыңнан 111,4 мың теңгеге дейін (өсім – 20,4%) жұмсайтын болып шықты.
Ал ШҚО мен Қызылорда облысының тұрғындарының азық-түлікке бөлетін шығыны 14,5 пайызға және 14,1 пайызға ұлғайды. Еліміз бойынша тек Маңғыстау облысында ғана тұрғындардың орташа шығыны қысқарды: минус 1,7 пайызға, 127,9 мыңнан 125,7 мың теңгеге дейін.
Алматы мен Астана тұрғындары өзге өңірлерге қарағанда көп ақша жұмсайды — 203,1 және 173 мың теңге. Қарағандылықтар мен ШҚО тұрғындары да шығыны көп аймақтарға жатады — 158,5 мың және 142,1 мың теңге.
Ал Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облысының азаматтары ең аз ақша жұмсайтын өңірлерге жатады. Бұл жақта 2017 жылдың соңғы тоқсанында 101,4 мыңнан 111,4 мың теңгеге дейін ақша жұмсалады.
Baq.kz
12 сәуір 2018 ж. 1 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930